«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.06.2016

Туризмге қолдау қажет

“Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ-ның облыстық филиалында “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесі қарсаңында туристік саланың мүмкіндіктеріне арналған отырыс болды. “Дөңгелек үстелге” облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев қатысты.

ӘДІЛЕТТІҢ АҚ ЖОЛЫМЕН

«Сегіз ұлым – бір төбе, Ертөстігім – бір төбе» демекші, мен Қызылжар өңіріндегі бұқаралық ақпарат құралдарында басшылық қызметтер атқарған он сегіз жылдан астам уақытта облыстық сотты басқарған бірталай азаматтармен таныс-біліс болғандықтан, олардың арасында, әсіресе, Мұратғали Әкетайдың орны бөлек, шоқтығы биік деп санаймын.

“АҚЫНЫ ЖОҚҚА АҚЫН БОЛАМ!” немесе Тазша баланың тірлігі

Жақында “Солтүстік Қазақстан” газетінде (2016 ж. 11 маусым. №66) жарияланған “Еңбек Ерінің құрметіне арналған айтыс” деген шағын мақаланы оқып шығып, ақындардың жыр сайыстарында орын алып жүрген бір көзбояушылықты аңғарған соң қынжылып қалдым. Мақалада “Айтыстың қорытындысын шығарған қазылар алқасы ІІІ орынды Тимирязев ауданының атынан айтысқан Аманжол Зағыпарға … берді” деп жазылған жолдарға көзім түскенде жоғарыда айтқандай …

“АҚЫНЫ ЖОҚҚА АҚЫН БОЛАМ!” немесе Тазша баланың тірлігі Read More »

АНА ЖҮРЕГІНІҢ ЖЫЛУЫ

Ана баласын жанымен де, қанымен де сүйеді. Ананың алақаны – сәби үшін ең жылы ұя. Перзент сүйсе мейірімі қанбайтын абзал жандардың алдындағы борышымызды Меккеге үш арқалап апарсақ та өтей алмайтынымыз белгілі. Ал мүгедек баласын өмірінің соңына дейін бағып-қағып, аналық парызын қалтқысыз орындап жүрген аяулылардың еңбегінің өтеуі жайлы не айта аламыз?

ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІ МЕҢГЕРДІК

Редакциямызға мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарында болғандығы туралы хаттар көп түседі. Көпшілігінің айтар ойы бір болғандықтан, оларды біріктіріп, бір айдармен беруді жөн көрдік.

Алтын бесік

Ақжар ауданының орталығы – Талшық ауылында төрт балабақша жұмыс істейді. Солардың бірі “Балдырған” балалар бөбекжайының ұрпақ тәрбиесіндегі үлгі тұтар тұстары көп. “Балдырған” 2005 жылы күрделі жөндеуден өтіп, қайта ашылғанда жұрт қуанды. Содан бері балабақшамыз қаншама бүлдіршінді мектеп қабырғасына аттандырды. Өткенге көз салсақ, сондағы алғашқы түлектеріміз бүгінде 9-сыныпта оқиды екен. Ал қазір мұнда 125 сәби тәрбиеленуде.

БЕСКҮНДІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАЙМЫН

Мұғалім үнемі білімін жетілдіріп отыруы керек. Жаһандану заманындағы ақпараттар ағынына ілесіп отырмаса, оқушыларының кей сұрақтарына жауап таба алмай, абыройынан айрылып қалуы да мүмкін. Мұғалімдердің көбі сырқаттанып қалса “сабағым қалады” деп ауруханаға да бармайтындарын білемін. Ұстаздар отбасында баланың саны да бір-екіден аспайды, тіпті көптеген әріптестеріміздің жұмысына беріліп, тұрмыс құрмай зейнетке шығып жатқандарының куәсіміз. Сондықтан мұғалімнің денсаулығын …

БЕСКҮНДІК ОҚЫТУДЫ ҚОЛДАЙМЫН Read More »

БІЛІМНІҢ БЕРІК ДІҢГЕГІ

“Өткенді еске алмай бүгінгінің бағасын беру мүмкін емес. Бұл – өмір даналығы. Сондықтан бүгінгі жеңістерімізге марқайып, болашаққа қадам басу үшін кешегіге көз жүгірту – міндет”, – дейді “Үздік педагог – 2016” байқауының жеңімпазы Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Жадыра Қаржауова. Үлгілі ұстазбен болған сұхбатты оқырман назарына …

БІЛІМНІҢ БЕРІК ДІҢГЕГІ Read More »

БАЛАҚАЙ, ЕСІМІҢ КІМ?

Қазақтың жаңа туған нәрестеге есім таңдауда басқаға ұқсамайтын артықшылықтары бар. Қоғам есім таңдау дәстүрін үнемі жаңартып отырады. Бұл – халықтың тарихи-мәдени өмірімен тікелей байланысты үдеріс. Ата-аналар балаларын айға, күнге, гүлге теңеп, “айым”, “күнім”, “гүлім” деп еркелетеді. Көптеген есімдердің қойылу тарихы бар. Өмірін мағыналы сүрген, ел есінде есімі қалған адамдарға ұқсасын деп соның атымен баласын жақсыға …

БАЛАҚАЙ, ЕСІМІҢ КІМ? Read More »

Мектеп формасы баршаға ортақ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекітті. Аталған талаптардың 2.13-тармағында мектеп формасына қандай да бір дінге қатыстылықты айқындайтын киім элементтерін қосуға жол берілмейтіндігі белгіленген. Осыдан кейін қоғам арасында түрлі пікірлер айтыла бастады. Бірі зайырлы мемлекеттің заң талаптарына бағынуды дұрыс деп шешсе, келесі бір топ өз …

Мектеп формасы баршаға ортақ Read More »

Жаңа төраға таныстырылды

Кеше облыстық соттың ғимаратында өңір басшысы Ерік Сұлтановтың, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолиннің қатысуымен өткен кеңейтілген кеңесте облыстық соттың жаңа төрағасы таныстырылды.