ТӨРАЙЫМНЫҢ МЕДАЛІ
Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрайымы Инесса Қуанова “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының III съезінде “Өз ісіне адалдығы үшін” үшінші дәрежелі медалімен марапатталды.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрайымы Инесса Қуанова “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының III съезінде “Өз ісіне адалдығы үшін” үшінші дәрежелі медалімен марапатталды.
Байланыс және бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің, тарқата түссек, қаламгерлердің, баспагерлердің, қоғамдық тілшілердің үлкен қауымының мерекесі қарсаңында облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінің басшылығы ұжым ардагерлерінің басын қосып, алдыңғы толқынның естен кетпес ескі күндерді ойға алуына жақсы жағдай жасады.
Кеден одағы комиссиясының шешімімен қабылданған “Автокөлік жолдары қауіпсіздігі” техникалық регламенті 2015 жылдың 15 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген болатын. Оның өтпелі кезеңі үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін деп белгіленген. Облыстық әкімдік жанындағы техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі штаб кеңес өткізіп, онда жол қатынасындағы өзекті мәселелер мен жаңа техникалық регламент талаптарының қолданылу барысы әңгіме арқауына айналды.
Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша “100 нақты қадам” Ұлт жоспарының 41-қадамына сәйкес мүлікті және қаржыны заңдастыру рәсімдері оңтайландырылды.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы, облыстық кәсіпкерлер палатасы, “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры”, “Казпочта” АҚ облыстық филиалдары арасында “Бизнес әр ауылға” шағын қалалар мен елді мекендердегі кәсіпкерлердің құзыретін арттыру” жобасы аясында ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойылды.
Жыл сайын “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” мен “Казкоммерцбанк” акционерлік қоғамдары бірлесіп кембағал жандардың кәсіпкерлігін қолдау үшін “Жұлдыздарға қара” байқауын ұйымдастырады. Қатысушылардың өтініші 1 шілдеге дейін қабылданады.
Қоғам тыныштығын сақтау аманатын арқалаған полиция қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті. Халықтың қорғаны, тәртіптің сақшысы атанған полиция қызметкерлерін төл мерекелерімен облыс әкімі Ерік Сұлтанов құттықтады.
Зымырандай зулаған уақытқа көз ілеспейді. Кеше ғана мектеп табалдырығын имене аттаған кішкентай бүлдіршіндер – бүгін талаптары таудай бозбала мен бойжеткен. Үстіміздегі оқу жылында он бір жыл бойы білім нәрімен сусындаған 3684 солтүстікқазақстандық өрен алтын ұя – мектебімен қоштасты. Ата-ана – асқақ арман жетелеген ұл-қызын, ұстаз он бір жыл баптаған шәкіртін маусымның 3-і мен 8-і аралығында …
Францияда футболдан Еуропа чемпионатының топтардағы іріктеу ойындары 22-ші маусымда тамамдалды. Келесі кезекте 8/1 финалдың кездесулері өтеді. Ол ойындар бүгін басталып, 27-ші маусымда 4/1 финалға шығатын сегіз құрама толық анықталуға тиіс.
Петропавл қаласындағы бейнелеу өнері мұражайында маусымның 20-24-і аралығында жемқорлықтың алдын алуға байланысты суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Шара аясында орыс және қазақ тілінде 9-11-сынып оқушылары арасында “Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек” атты шығармалар сайысы өтті.
Мемлекеттік қызметші әрқашан ел мүддесін ойлайтын, халыққа жақын, әр істе әділ болуы тиіс. Осы талап үдесінен шығуға талпынған мемлекеттік қызметшілер Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында кәсіби мерекелерін атап өтті.