«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.06.2016

ЖАСӨСПІРІМДЕР ДЕ ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Өткен жылы ішкі істер органдарының есебінде тұрған аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың 14 жасқа толған балаларын еңбекке тарту қолға алынған болатын.

СТАЛИНГРАДТАН БЕРЛИНГЕ ДЕЙІН…

Жеңісті Берлинде қарсы алған Қызылжар қаласының тұрғыны Сұлтан Мұхамеджанов халықаралық комендатурада қызмет істеп, 1946 жылы ғана елге оралған. Ол Сталинград, Кривой Рог, Смоленск, Ржев, Николаев қалалары үшін ұрыстарға қатысып, Молдова, Румыния, Болгария, Югославияны азат етушілер қатарында болды. “Бүкіл Еуропаны жаяу аралап өткендердің бірі менмін”, – деп күледі ақсақал.

МЫҢ АЙДАН ҚАСИЕТТІ ТҮН

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда тек қана Алла тағалаға құлшылық етіп, оның разылығын көздеген салиқалы пенделер сағына күтіп жүрген Қадір түні биыл шілденің 1-інен 2-сіне қараған түнге тұспа-тұс келіп отыр. Бұл түн – Рамазан түндерінің ішіндегі ең қадірлісі. Қасиетті кешті ғибадатпен өткізген адамның сауабы да үстемеленіп, жақсылығы да еселене түсетіндіктен, Қадір түнінің берекесі мен ерекшелігін тізіп …

МЫҢ АЙДАН ҚАСИЕТТІ ТҮН Read More »

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарына қосымша 5 пайызбен жаңа шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесі қалыптаспақ. Салымды қорға жұмыс беруші аударады. Ондай салым азаматтардың меншік жинағы саналмайды және оны мұраға қалдыруға болмайды.

САПАЛЫ СҮТКЕ СҰРАНЫМ МОЛ

Ашылғанына 10 жылдан астам уақыт өткен “Масло-Дел” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы бүгінде облыс орталығындағы белді кәсіпорындардың бірінен саналады. Өңірдің ғана мақтанышы емес, республика көлемінде жақсы өнімдерімен аты шыққан кәсіпорынның атақ-даңқы асқақтап тұр. Олай дейтін себебіміз, “Масло-Дел” тауар белгісімен шығарылатын өнімдердің қай-қайсы болса да, тұтынушылар арасында сұранысқа ие.

Теріс әрекетке төзім жоқ

Дүйсенбі күні әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы – әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ғалым Тұрсынбаевтың төрағалығымен өткен жиында бірқатар мәселелер қаралды.

АУЫЗСУМЕН ҚАМТУДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР

Өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен облыстық әкімдіктің кезекті отырысында елді мекендерді сумен қамтамасыз ету және кәмелеттік жасқа толмағандар тәрбиесі мен ерте жүктіліктің алдын алу шаралары туралы мәселелер қаралды.