НҰРОТАНДЫҚТАРДЫҢ МАҚСАТЫ ЗОР, МІНДЕТІ АЙҚЫН
Қырық алты мың солтүстікқазақстандықты біріктіріп отырған “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының кезекті ХХІV есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Партияның облыстық филиалының төрағасы, өңір басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен алқалы жиынға “Нұр Отан” партиясы саяси кеңесі бюросының мүшесі Анатолий Башмаков қатысты. Конференцияда партияның облыстық филиалы жанындағы саяси кеңестің 2015-2016 жылдары атқарған жұмысы қорытындыланды.