«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.12.2016

ТИЫННАН — ТЕҢГЕ

Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тойына арналған 25 жұлдызды күн акциясы аясында оқушыларға төл теңгеміздің айналымға енгізілген күнінің мән-мағынасы ашылып, ұлттық валютамыз туралы жан-жақты мағлұмат берілді. Жұмабек Тәшенев атындағы №20 орта мектепте өткен “Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы” тақырыбына арналған дәріске 5-9-сынып оқушылары қатысты.

АУЫЛДАҒЫ ҚУАНЫШ

“Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” акциясы аясында Уәлиханов ауданында “Система-К” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің газ құю бекетінің салтанатты ашылу рәсімі болды.

ИНСТИТУТТАҒЫ ҒЫЛЫМИ ФОРУМ

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізіліп жатқан 25 жұлдызды күн акциясы аясында “Тәуелсіз Қазақстанның ғылымы” форумы Бескөл ауылындағы Солтүстік Қазақстан мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында өтті.

ДОСТЫҚПЕН НҰРЛАНҒАН ЖОЛ ДАҢҒЫЛ

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығы Декларациясының қабылдануына байланысты Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимовқа жолығып, ой-пікірлерін білген едік.

МАҚСАТ — ХАЛЫҚ СЕНІМІН АҚТАУ

Тәуелсіздік туын көтеру үшін қанша күш-қуат жұмсалса, оны тік ұстап тұру үшін де қыруар еңбек қажет. Көк байрағымыз ширек ғасыр бойы Ұлы дала аспанында желбіреп, кейбір мемлекеттер жүздеген жылдардан кейін ғана бағындыратын биіктен көрінуде.

БІР КҮНДЕ — ЕКІ ҮЙ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні және ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында облыс орталығында 198 отбасы баспаналы болып, қоныстойын тойлады

  Петропавлдықтардың көптен күткен арман-тілегі орындалды. Жәлел Қизатов пен Семашко көшелерінің қиылысындағы 126 және 72 пәтерлік тоғызқабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді. Пәтер кілтін тапсыру салтанатында облыс әкімі Ерік Сұлтанов “Нұрлы Жол” бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер алдағы уақытта да пайдалануға берілетінін жеткізді.

ҮЛКЕН КҮШ

Мемлекет басшысы азаматтық қоғам белсенділігін арттыруда – үшінші секторға үлкен міндеттер жүктеп, зор сенім артып келеді. Елімізде жалпыға бірдей еңбек қоғамын құруда мемлекет, бизнес және үкіметтік емес сектор айрықша маңызға ие.

Прокурорлар аллеясы

Кеше облыс орталығының Мағжан Жұмабаев және Кәрім Сүтішев көшелерінің қиылысында Прокурорлар аллеясы салтанатты түрде ашылды.

БАСТЫ МІНДЕТ — САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ

Облыстық әкімдіктің кезекті отырысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының өкімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті бастығының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалған Нығмеджан Сапаровты таныстырудан басталды.

БАРША ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН

  “Солтүстік Қазақстан – менің сенімді тірегім!” Алты Алаштың айбынын асырған, ата-баба аманатын орындап, тәуелсіз Қазақстанды төрткіл дүниеге танытқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қасиетті Қызылжар топырағына келген әрбір сапарында осы сөзді қайталаудан жалыққан емес. 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні – солтүстікқазақстандықтар үшін ең жарқын мерекелердің бірі. Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма …

БАРША ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН Read More »

Мерекелік құттықтау

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!