ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
Облыстық ішкі істер департаменті өңіріміздің үздік мемлекеттік органы деп танылды. Жылдың соңында мұндай жағымды жаңалықты “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы жеткізді. Облыс аумағындағы жолдарда “Қоғамдық қабылдауды” ұйымдастыру, партиялықтармен бірлесіп өткізілген рейдтер, биылғы жылғы көктемдегі су тасқыны кезінде халыққа көрсетілген көмек, баспанасыздарға арналған түнеу орнының ашылуы, көкейкесті мәселелерді уақтылы шешу – жылды қорытындылау кезінде осының бәрі …