ОБЛЫС ӘКІМІ ӨНДІРІС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Өңір басшысы Ерік Сұлтанов қоқыс қалдықтарын сұрыптаумен айналысатын “Вторсырьё” және силикат кірпіш өндіретін “Алаугаз” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде болып, жұмыс жайымен танысты. Қызылжар ауданында күйдірілген балшықтан құрылыс материалдары мен кірпіш жасауды қайта жандандыруды жоспарлап отырған “СтройкомплексKeramos” серіктестігі мен “Орман” шағынауданындағы құрылысы жүріп жатқан балабақшада да болды.