«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.02.2017

ШӘКІРТТЕР БАҒБАНЫ

Ботакөз Мұхамеджанова еліміз азаттығын алған жылы ұстаздықтың қиын да қызықты жолына түсіп, өзінің туған жері Жамбыл ауданындағы Баян орта мектебінде еңбек ете бастады. Бүгінде Петропавл қаласындағы Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда бастауыш сынып оқушыларын білім нәрімен сусындатып жүр. Ширек ғасыр бойы бүлдіршіндерді тәрбиелеп, оқытумен айналыса жүріп, талай ұйқысыз түндерді өткергені әлі ұмыт болған жоқ. …

ШӘКІРТТЕР БАҒБАНЫ Read More »

Дені сау ұрпақ — қоғам байлығы

Еліміздің даму бағытын бекіткен “Қазақстан – 2050” Стратегиялық бағдарламасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселесі қаралған. Бүгінгі күнде жас ұрпақты бала кезінен дене және рухани күштері сайма-сай жетіліп, шынығып өсетіндей етіп тәрбиелеу ісін қамтамасыз етуді мемлекетіміз аса маңызды міндеттердің бірі деп санайды. Осы міндетті жүзеге асыруда дене шынықтыру мұғалімдері маңызды рөл атқарады.

“ЕРКЕГЕ” КЕЛ, ТІЛ ҮЙРЕН!

Айыртау ауданында мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырғандар аз емес. Кәсіпкер Ботагөз Жандосова – солардың бірі. Тәжірибелі кәсіпкер жақында Саумалкөл ауылында “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасының көмегімен ағылшын тілін оқытатын орталық ашты.

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Оқушылардың ғылыми-зерттеуін, оқу-танымдық қызметін ынталандыруды, дарынды балаларды анықтау мен қолдауды, мемлекетіміздің зияткер әлеуетін қалыптастыруды мақсат еткен облыстық пәндер олимпиадасына 560 оқушы қатысты. Олар 15 пән бойынша бақ сынады. Жаратылыстану-математикалық бағытта – 218 оқушы (102-сі қазақ тілінде), қоғамдық-гуманитарлық бағытта 342 оқушы (135-і қазақ тілінде) қатысты. Олардың 41-і – бірінші, 80-і – екінші және 104-і үшінші орындарды …

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ Read More »

ИЫҚ ПЕН МИҒА ТҮСКЕН САЛМАҚ

Білім және ғылым министрлігінің жаңартылған мазмұндағы білім беру бағдарламасы еліміз бойынша 30 мектепте апробациядан өткізіліп, қолданысқа енгізілгені белгілі. Алайда, бағдарламаны барлық мектептерге жаппай енгізу барысында оның кемкетігі айқындалып, айтылар сын көбейді. Бүгінде жаңаша оқыту бағдарламасының алты жастағы балалар үшін тым ауырлығын, үштілділіктің қиындығын, озық технологиямен оқытатын білікті мұғалімдердің аздығын, көлемі үлкен оқулықтар мен жұмыс дәптерлерінің …

ИЫҚ ПЕН МИҒА ТҮСКЕН САЛМАҚ Read More »