«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 09.02.2017

АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Петропавл қаласында қар тазалау жұмыстарын сапасыз атқарған 7 коммуналдық кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар,қыс басталғаннан бері 512 жеке кәсіпкер мен заңды тұлғаға өздеріне тиесілі аумақтағы қарды уақытылы тазарту жөнінде ескерту жасалған. Ескертуді елемеген 28 азаматқа абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 1 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР СЫНҒА АЛЫНДЫ

Петропавл қаласы әкімі Марат Тасмағанбетовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде қоғамдық көліктер сынға алынды. Жолаушылар автобустардың суықтығына, орындықтарының лас екеніне және жүргізушілердің мәдениетсіздігіне, рөлде отырып шылым шегетініне шағымданды. Қала әкімі жолаушылар тасымалының сапасын жеке бақылап, аталған кемшіліктердің жойылуын қадағалайтынын жеткізді.

ЖАҢА САЙТ АШЫЛДЫ

Облыс орталығында дуалды білім беруді дамыту мақсатындағы ақпараттық портал құрылды. “Master.kz” деп аталатын сайт – облыстық кәсіпкерлер палатасы мен “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының бірлескен жобасы. Кәсіптік білім беруді насихаттауды көздеген портал “әлеуметтік серіктестік”, “кәсіби бағдар”, “халықаралық тәжірибе”, “әдістемелік вектор”, “нормативтік-құқықтық” бөлімдерден тұрады.

ҰРЫЛАР ҰСТАЛДЫ

Петропавлда көпқабатты үйлердің кіреберісіндегі қораптар мен жәшіктерден азық-түліктерді ұрлағандар ұсталды. 17 және 27 жасар ер азаматтар тұрғындар ұйқыға кеткен уақытта көкеністер мен қысқы азықтарына қол салғанын мойындап отыр. Осындай 7 оқиға домофон құрылғысы орнатылмаған үйлерде тіркелген. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы («Ұрлық») бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

КАРАНТИН ЖАЛҒАСУДА

Бүгінгі күнге дейін облыста жедел респираторлы вирустық инфекция жұқтырған 2612 адам тіркелген. Өткен аптамен салыстырғанда ауырғандар саны 3,1 пайызға төмендеген. Ауруханаға жатқызылған 131 адамның 12-і жүкті әйелжәне 22-і бір жасқа дейінгі балалар. Облыс бойынша бір балабақша мен 7 мектепте карантин тоқтатылса, тағы 9 білім беру мекемесіндеәлі де кезектен тыс демалыс жалғасуда.

АПАТҚА ҰШЫРАДЫ

Петропавлда бензин тасымалдайтын көлік апатқа ұшырады. Аталмыш көлік жүргізушісі тайғақ жолда рөлді басқара алмай, нәтижесінде қалалық су торабының төбесінде тұрып қалған. Жүргізуші зардап шеккен жоқ

БАҒЫТЫМЫЗ АЙҚЫН

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы субсидия бөлу қағидаларын қайта қарау қажеттігі туралы айтқан сөздері, ғылыми-зерттеулерге құйылатын инвестиция көлемінің молайтылғаны қуантып отыр.

ӘДІЛ ШЕШІМ — СОТҚА АБЫРОЙ

Солтүстік Қазақстан облысының соттары еліміздегі он жеті соттың ішінде жұмыс сапасы бойынша көш бастап тұр. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында айтылды.

ҚАЛА ТЫНЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

  Кеше облыс әкімі Ерік Сұлтанов қаладағы бірнеше әлеуметтік нысанда болып, жүргізіліп жатқан жұмыстардың жайымен танысты.