ЖАС АҚЫНДАР ЖАРҚЫЛЫ
Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясында “Ұлтпен бірге жасайды өнеріміз” атты оқушылардың қалалық айтысы өтті. Дүбірлі додада байқаудың алғашқы кезеңінен іріктелген он төрт айтыскер бақ сынасты.
Петропавлдағы қазақ мектеп-гимназиясында “Ұлтпен бірге жасайды өнеріміз” атты оқушылардың қалалық айтысы өтті. Дүбірлі додада байқаудың алғашқы кезеңінен іріктелген он төрт айтыскер бақ сынасты.
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында “Қасірет” атты психологиялық драма жанрындағы спектакльдің премьерасы өтті. Премьера көрнекті жазушы-драматург Рақымжан Отарбаевтың “Нашақор туралы новелла” драмасының желісімен қойылған. Қойылымның режиссері Фархат Молдағалиев. Режиссер жұртшылық назарына осымен төртінші спектаклін ұсынып отыр.
Сырлы тау Сырымбеттің тау етегіндегі ат тұяғы тимеген, қақалып өскен қалың шалғын, көк майса түкті кілемдей жайқалып тұр. Құмдыкөл жақтан жанға жайлы салқын самал еседі. Жел желпіп өткен сайын ауада мың сан шөптің, жүз сан гүлдің танауыңды жарар алуан исі бұрқырайды.
Соңғы кездері әкемді қатты сағынып жүрмін. Жатсам да, тұрсам да бар ойлайтыным сол. Түнгі тәтті түстерімнің басты кейіпкері де әкешім. Кейде немерелерім “жетпіс бестегі шалға да әке керек екен ғой” деп қалжыңдағандай болады. Олар менің бала күннен бергі бар арманым, Құдайдан мың мәрте жалбарынып сұраған жалғыз тілегім, өмірімнің мәні – асқар тау әкемді бір көру …
Халықтың денсаулығын қорғау мемлекет үшін маңызды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “100 нақты қадам” Ұлт жоспарының 80-қадамында медициналық қызметті жаңашалаудың бағытын көрсеткен болатын. Ұлт жоспарын жүзеге асыру мақсатымен 2016-2020 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, 2018 жылдан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілмек. “Жүйе қалай жүргізіледі?, Медициналық қызметтің сапасы арта ма?, Қолжетімділік ұлғая ма?” деген сауалдар …
Аққайың ауданының әкімі Дәурен Байтөлешовпен тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, елді мекендердің әлеуетін арттыру бағытында атқарылып жатқан істер төңірегінде әңгіме өрбіткен едік. – Дәурен Бозтайұлы, Елбасы биыл “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауын жариялап, еліміз дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ететін басым бағыттарды айқындап берді. Осы тарихи құжаттан сіз қандай ой түйіп отырсыз?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауында атап көрсеткендей, елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту маңызды міндет болып табылады.
Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында қайырымдылық дәстүрлерін, мейірімділік қасиеттерді ұлықтайтын мереке – Алғыс айту күніне арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің 1997 жылғы алғашқы Жолдауында халықты дағдарыстан шығу үшін бірлесуге шақырған болатын. Ал биыл ол сол қиыншылық жылдардан бері экономикамыздың едәуір өсіп, еліміздің дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіргендігін айтып, алға тағы да нақты мақсат-міндеттерді белгіледі. Енді біз елімізді әлемнің дамыған 30 озық мемлекетінің қатарына қосуымыз керек.
Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласы мен Бескөл ауылындағы бірнеше әлеуметтік нысан мен агроқұрылымның жұмысымен танысты. Өңір басшысы ең алдымен “Загот Интер” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бордақылау алаңында болды.