«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.03.2017

Ашу — дұшпан, ақыл — дос

Кім баласына жамандық тілейді. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, өмір сыйлаған ана баласына жамандық ойлауы мүмкін емес. Сүйіспеншілікпен, сеніммен тәрбиеленген адамның бойында отбасылық парыз түсінігі қалыптасары сөзсіз.

Ана сүтін ақтамау — арға сын

Бұрындары жаман хабар жетсе “Мал құлағы саңырау” деп жатушы еді. “Солтүстік Қазақстан” газетінің бетіндегі “Шіріген жұмыртқа” мақаласын оқып, сенерімді-сенбесімді білмей, тосылып қалдым. Өмірдегі ең жақын адамдар ана мен баланың арасында осындай оқиға орын алғаны күйіндірді. “Баламның табанына кірген шөгір менің маңдайыма қадалсын”, – дейтін аналар емес пе еді?! “Баламды аман қалдыр!” – деп Құдайға жалбарынатын …

Ана сүтін ақтамау — арға сын Read More »

БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ

Қоңыр күз аяқталып, қыс басталар шақ жақындаған кез болатын. Біздің ауыл әлі Ноғайтыда (моңғол тілінен аударғанда “жыланды” деген мағына береді) күзеуде отыр. Әкем бір отар қойды Нұржақып деген қойшымен бірге бағушы еді. Күзеудегі әр сәт қызығы мен шыжығы араласқан тәтті күндер еді ғой. Кешкі сағат сегіздер шамасында мал өрістен келеді. Ауылдың бала-шағасы шулап алдынан шығады, …

БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЯХАТ Read More »

АСҚАР ТАУ АЛЫСТАҒАН САЙЫН БИІКТЕЙ БЕРЕДІ

Бүгін менің түсіме әкем кірді. Немересі, өмірінің жалғасы – менің ұлым Расулдың халықаралық өнер сайысында бағы жанып, жүлделі орын алғанын аруағы сезді ме екен, алыстан ғана жымиып, риза кейіп танытып тұрғандай көрінді. Бізден алыстап кеткеніне жиырма жыл болса да, аталарың сендерге тілекші деп түсімді балама айттым. Ал ол болса: “Әке, атам – ауылының абыройын асырған …

АСҚАР ТАУ АЛЫСТАҒАН САЙЫН БИІКТЕЙ БЕРЕДІ Read More »

АҢҚАУ ЕЛГЕ АРАМЗА МОЛДА

Көрген-білгенімді қолыма қалам алып, қағазға түртіп жүру ежелден қалыптасқан әдетім еді. Жүрген сайын көре бересің, көрген сайын біле бересің дейді дана халқымыз. Жас ұлғайған сайын қоғамға деген көзқарас та аздап өзгеріп, болып жатқан жайттарға сын көзбен қарай бастайды екенсің. Бүгінде қазақтың тойы да той, қазасы да тойға айналған заман туды. Ат шаптырмасақ та, мейрамхана толы …

АҢҚАУ ЕЛГЕ АРАМЗА МОЛДА Read More »

ЖЕТІМДЕРДІ ЖЫЛАТПАҒАН АУЫЛ

Мамлют ауданындағы Воскресеновка ауылдық округіне қарайтын Искра елді мекені осындай атауға лайық болып отыр. Оған ақ қайыңдар аралында орналасқан табиғаты әсем, 42 отбасы ғана түтін түтетіп жатқан шағын ауылда болған кезімізде көз жеткіздік.

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ — БАТЫЛ ҚАДАМ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ел халқына арнаған “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауында Үкіметке “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасын әзірлеуді тапсырып, “Коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ-саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты …

ЦИФРЛЫҚ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРУ — БАТЫЛ ҚАДАМ Read More »

САПАЛЫ БИДАЙ ӨТІМДІ ӨНІМ КЕПІЛІ

Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру бойынша алға қойылып отырған міндеттерді сенімді қолға алғандардың бірі – “Petromali company” кәсіпорны. Заманауи техникамен жабдықталған диірмен мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырып қана қоймай, сонымен қатар қырық адамды жұмыспен қамтып отыр.

Дайындық пысықталды

Солтүстікқазақстандық құтқарушылар үстіміздегі жылғы наурыз-сәуір айларында орын алуы мүмкін су тасқынының алдын алу мен зардаптарын жою бойынша құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған “Көктем – 2017” республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шарасы аясында кәсіби дайындықтарын пысықтады.

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖЕМІСІ

  Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс сапарымен Мағжан Жұмабаев ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-тұрмыстық нысандарды аралады және тұрғындармен кездесті.

ӨМІРЛЕРІ ЖАСТАРҒА ҮЛГІ

  Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі Ерік Сұлтанов Петропавл қаласында тұратын соғыс және тыл ардагерлерін мерекелерімен құттықтады. Алдымен соғыс ардагері Елена Макарованың үйіне барған өңір басшысы қарияға өскелең ұрпақтың жарқын болашағы жолында жасаған ерен ерлігі үшін алғысын білдіріп, теледидар сыйлады.

Жауапсыздықтың салдары

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Кеңес мүшелері бақылау және қадағалау органдарының мемлекеттік ұйымдарда жүргізген тексерістерінің негізділігі мен заңдылығына назар аударды.