ҚЫЛМЫС АЗАЙЫП КЕЛЕДІ
Өңірде қылмыс саны өткен жылғымен салыстырғанда 32 пайыз кеміген.
Өңірде қылмыс саны өткен жылғымен салыстырғанда 32 пайыз кеміген.
Биыл Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша 7 жаңа жобаны іске қосу көзделген.
Өңірімізде “Борышкер” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Бұл күндері тәртіп сақшылары әкімшілік айыппұлдарын төлемей жүрген азаматтарды анықтады. Осы мақсатта күн сайын “Жол приставы” жылжымалы кешені пайдаланылды. Атап айтсақ, борышкерлердің үй телефондарына автоматты түрде қоңырау шалынып, ұялы телефон нөмірлеріне SMS-хабарламалар жіберілді. Тұрғындардың көпшілігі айыппұлдарының бар екенін ұмытып кетсе, кейбірі төлеуге асықпаған.
Бостандыққа шыққан және пробация қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру – күн тәртібіндегі мәселелердің бірі. Бүгінгі күні елімізде осындай азаматтар үшін арнаулы әлеуметтік қызмет стандарттарын және оңалтудың кешенді жоспарын жасау қолға алынған.
М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде тәрбиелік мәнісі зор кездесу ұйымдастырылды.
“Ел іші – өнер кеніші” демекші, біздің Қайрат орта мектебінде талантты оқушылар аз емес. Мектепте “Ақсұңқар” драма үйірмесін ұйымдастырып, оған өзім он жылдай жетекшілік етіп келемін. Оны болашақ “өнер мектебі” десек те болады. Білім ошағында әрбір іс-шара біздің кішкентай әртістеріміздің қатысуынсыз өтпейді.
Міне, биылғы оқу жылының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Соңғы қоңыраудың соғылар үні – жас түлектерді үлкен өмірдің белесіне аттандырғалы тұр. Он бір жыл бойы білім нәрімен сусындаған мектеп бітірушілердің бал-бұл жанған жүздерінен қуаныштың нышанын көрудің өзі қандай ғанибет! Ата-ана ретінде оларға тек сәттілік тілеймін. Осындайда көңіліңді көтеріп, жан дүниеңді жадыратар “Мектебім”, “Қоштасу вальсі”, “Бала …
Кеше М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде есімі елімізге белгілі жас ақын, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Мөлдір Айтбайдың “Сыйлық” деп аталатын жаңа жыр жинағы таныстырылды. Жыр кешіне университет жанындағы Тіл және әдебиет институтының оқытушылары мен студенттері жиналды.
Облыс орталығында кең ауқымды қайырымдылық кеші өтті. Ізгіліктің нақты көрінісі болып табылатын жақсы дәстүрдің басты мақсаты – денсаулығы сыр берген балаларды қолдау және оларға барынша көмек көрсету. Бұл күні қатал тағдырдың сынына қарсы тұра білген жігерлі жандарды қолдауға жиналған азаматтардың қарасы қалың болды. Арнайы концерттік бағдарлама аясында жүргізілген кеш барысында әсем әннен шашу шашылып, қатаң …
Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяевтің төрағалығымен төтенше жағдайларды ескерту және алдын алу комиссиясының кезекті отырысы өтті. Онда өрт пен судан келетін қауіпке қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.
Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ халқы үшін біраз қайғы-қасірет әкелді. Қаншама боздақ қолдарындағы күрек-кетпендерінің орнына қару алып, қан майданға аттанды. Бейбіт күн орнап, болашақ ұрпақтың бақытты ғұмыр кешуі үшін 1941-1945 жылдар аралығындағы соғыста қаншама отандастарымыз жандарын пида етті. Олардың қаншамасы туған топырағына оралмай, сол жақта мәңгілікке қалды.
“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының депутаттық фракциясының отырысында төрт мәселе қаралды. Соның бірі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимылды жүзеге асырудың 2015-2017 жылдарға арналған өңірлік iс-шаралар жоспарының орындалуы болды.
2016-2017 оқу жылының аяқталуына да санаулы күндер қалды. Бастауыш сынып оқушылары келесі сыныпқа көшу үшін емтихан тапсырмайды. Ал 5, 8, 10-сыныптар 26-31 мамыр аралығында мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен бекітілген екі пәннен аралық аттестаттаудан өтеді. Бұл сыныптарды барлық пәндер бойынша “5” деген бағаға бітірген оқушылар келесі кезеңге емтихансыз көшіріледі. Ондай оқушылардың саны – 8997.
Бүгінгі таңда ел экономикасының дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген кәсіпкерлердің арасында тек бір саламен ғана шектеліп қалмай, бірнеше бизнестің басын біріктіріп, кәсіпкерлік ісін дөңгелетіп отырған жерлестеріміз бар. Солардың бірі – Қызылжар ауданындағы “Ер-Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Анатолий Шушамоин.
Жергілікті полиция қызметінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуле-рі жалғасуда. Жуырда облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы, полковник Қанат Айтбаев өткен төрт айда атқарған жұмыстары жайлы баяндады.
Биыл өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл толып отыр. Ел басына түскен нәубет қанша жыл өтсе де ұмытылмай, керісінше жаңғыра түсері анық. Соның бір дәлелі Сәбит Мұқанов атындағы облыстық-ғылыми әмбебап кітапханада “Репрессия – халық қасіреті” деген тақырыпта өткен танымдық шара болды.
Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылында Қазақстан полициясының құрылғанына 25 жыл толуына орай соғыс ардагері, милиция полковнигі Қойшыбек Қаженовті еске алуға арналған іс-шара өтті. Оған облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов, аудан әкімі Медет Оспанов қатысты.
Айыртау ауданындағы Константиновка елді мекені тұрғындарының көпшілігі ауыл шаруашылығы саласында еңбек етеді. 2016 жылға дейін инвесторлар жиі ауысып, жалақы кешіктіріліп, жұмысшылар қысқартылып келсе, “Константиновка – 2004” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестор “Каззернопродукт” фирмасының құрамына кіргелі жағдай түзелді.
Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен енгізілетін міндетті медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндіру жұмыстары одан әрі жалғасуда. Десек те, тұрғындар тарапынан сұрақтар көп түсуде. Жаңа жүйе туралы жан-жақты білгісі келетіндер аз емес. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Владимир Безлер көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді.
Облыстық апаттық медициналық орталығы су тасқыны кезінде тұрғындарға көмек көрсетті. Орталықтың жедел әрекет ету тобы халықты медициналық қамтамасыз ету мақсатында Қызылжар ауданының Долматово ауылында болды. Екі фельдшер мен жүргізуші-санитар Долматово ауылының орта мектебінде орналасқан эвакопунктіне 5 адамды эвакуациялады. Өздігінен жүре алмайтын екі адам зембілмен жеткізілді. Бірнеше адамға медициналық көмек көрсетілді. Орталықтың қызметкерлері Петропавл қаласының Былғары …