«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.05.2017

“Болашақта” өзгеріс бар

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өкілдерімен кездесу өтті. Шара барысында талапкерлер “Болашақ” халықаралық бағдарламасымен таныстырылды.

Жалдамалы пәтерлер тексерілді

Тәртіп сақшылары мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері рұқсат етілмеген жерлерде жүргізілетін сауда-саттықты анықтау үшін рейдтік шаралар өткізуде.

Еңбегіне қарай өнбегі

Өңірімізде “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Есепші, қаржыгер, заңгер, бағдарламашы және құрылысшы мамандарына деген сұраныс артқанымен, техникалық мамандықтарды игергендердің дені әр есікті тоздырып жүрген көрінеді. Осылайша, әуре-сарсаңға түскендердің 29 жасқа дейінгілерін Петропавл қаласының жұмыспен қамту орталығының мамандары алты айлық ақылы тәжірибеге жіберуде.

ТАЗАЛЫҚ — ТӘРБИЕНІҢ БАСЫ

Көптен күткен жаз келіп, дала түрленіп, айнала жасыл желекке оранды. Жанды жадыратар осындай тамаша көрініс көңілді көтереді. Бірақ қыстан қалып, әр жерде шашылып жатқан қоқыстарды көргенде қуанышың су сепкендей басылады. Осындай олқылықтардың алдын алу үшін белсенді жастар ормандардың ішін жинап, қалдықтардан тазартты.

Бейімделуге көмек

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте биыл қызметке жаңадан қабылданған жас өртсөндіруші-құтқарушылар ұдайы назарда. Мекеменің тәжірибелі мамандары жас кадрларды қамқорлықтарына алып, оларға өздерінің білгендерін үйретуден жалыққан емес.

ЖҮРЕКТЕГІ ЖЫЛЫЛЫҚ

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте “Балалық шақ кемесі: достық, арман және түсіністік!” атты әлеуметтік-психологиялық акция ұйымдасытырылды.

ТАЛАПТЫҢ МІНІП ТҰЛПАРЫН…

Театр – рухани тұрғыда өсуге ықпал жасайтын бірден-бір орын. Халқымыз сахнаны киелі санаған. Бүгінде мен кішігірім болса да, осындай тәрбие үйірмесінің жетекшісімін. 

Жемқорлық — балалар көзімен

  Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент білім басқармасымен бірлесіп бейнелеу өнері мұражайында “Жемқорлық – балалар көзімен” тақырыбындағы өңірлік сурет байқауының қорытындысын шығарды.

ЖАҢА ЦЕХ, БІРЕГЕЙ ӨНІМ

Бай өндірістік тарихы бар “Петропавл полимерлік материалдар зауыты” ЖШС – облысымыздағы дымқыл майлықтар өндіретін жалғыз кәсіпорын.

АҒЗАҒА ЗАРДАБЫ КӨП

“Бірінші байлық – денсаулық” деген нақылды білмейтін адам кемде-кем шығар, сірә. Өйткені, той-томалақтарда бір-бірімізге айтар тілегіміздің алғы сөзін де әдетте осыдан бастаймыз. Дегенмен, кей істеріміз сол сөздерімізге кереғар келіп, бірінші байлыққа атүсті қарайтынымыз да жасырын емес. Мұны, әсіресе, жастардың өмірінен байқауға болады.

Жасотандықтар жақсылыққа құштар

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге өскелең ұрпақ өкілдері де көмек қолын созуда. Осындай мақсатпен “Жас Отан” жастар қанатының белсенділері облыс орталығының Былғары зауыты кенті, Заречный шағынауданында болды.

Ауылдағы жеміс-жидек бағы

Жамбыл ауданының орталығы Пресновка ауылының іргесінде жеміс-жидек бақшасы ашылды. Баудың жалпы аумағы 0,6 гектарды құрайды.

БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ — ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Мал шаруашылығы атакәсібіміз ғана емес, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды салалардың бірі. Мал басының басым бөлігі, яғни 80 пайыздан астамы қосалқы шаруашылықтарда шоғырланғандықтан, Елбасы тапсырмасымен оларды кооперативтерге біріктіріп, оңтайландыру шараларының қолға алына бастауы өте құптарлық. Осы орайда, болуы мүмкін қателіктерге бой алдырмау үшін бірнеше алғышарттарды ескерген жөн. Олардың ішінде бірінші кезекте кадр мәселесіне айрықша …

БІЛІКТІ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ — ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ Read More »

Назгүл — намысты қыз

Солтүстікқазақстандық дзюдошы Назгүл Маратова Еуропа ашық кубогынан қола медальмен оралды. Орынборда сегізінші рет өткізілген байрақты бәсекеде Армения, Австрия, Ұлыбритания, Германия, Канада бастаған 15 елден 300 дзюдошы бақ сынасты. 

САПҚА ТҰР, САРБАЗ!

Отан алдындағы әскери борышын өтеу әрбір ер-азаматтың парызы болып саналады. Үстіміздегі жылдың көктемінде Қарулы Күштерге, Қазақстан Республикасының өзге де әскерлері мен әскери құрылымдарына 18-27 жас аралығындағы 16 мыңнан астам азаматты шақыру жоспарланған. Өткен жылы нақ осы кезеңде біздің аудан бойынша әскер қатарына қырық жас шақырылса, бүгінде олардың барлығы дерлік борыштарын өтеп, үйлеріне оралды. Ал күзде …

САПҚА ТҰР, САРБАЗ! Read More »

САҒЫНЫШ ЖОЛЫ

… Айбас пештің қасында бүрісіп отырған бауырына біртүрлі аяушылықпен қарады. Арық тарамыс денесі мен бойына қарап оны жеті жастағы бала деп айта алмайсың. Әкеден бір жасында, анадан екі жасында тұл жетім қалған ол тойына тамақ ішпегеннен қатып қалған сияқты. Айбас үнсіз отырған оны өзіне шақырды. Қалбалақтап жеткен інісін алдына отырғызып, бауырына басып, ұзақ иіскеледі. Екі …

САҒЫНЫШ ЖОЛЫ Read More »

ҚАЗАҚ ДЕГЕН ҰЛТ БІРЕУ ҒАНА демек, төрткіл дүниеге тарыдай шашылған қандастарымыздың ұлттық болмысы, рухани қазынасы бөліп-жаруға жатпайтын ортақ байлығымыз деген сөз

  Бағытымыз – Қорған облысының Макушин ауданы. Діттеген мақсатымыз – осы өңірде тұратын қандастарымыздың құрылтайына қатысу, тыныс-тіршілігімен танысу. Делегация жетекшісі – Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы облыстық бөлімшесінің үйлестірушісі Сағындық Салмұрзин, мүшелері – Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы облыстық филиалының төрағасы Жанкелді Тәжин, облыстық “Солтүстік Қазақстан” газетінің қызметкері Амангелді Бекмұратов және осы жолдардың авторы.

АСТЫҚТЫ АЙМАҚ — ЕЛ ТІРЕГІ

  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысу мақсатында өңірімізге жұмыс сапарымен келді. Үкімет мүшесі алдымен өңірімізде жүріп жатқан көктемгі егіс жұмыстарының барысымен танысты.