Қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа ҮНДЕУ
Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті отандастар! Баршаңызға қасиетті Рамазан айының қарсаңында жыл сайынғы дәстүрлі үндеуімді жолдаймын! Өздеріңізге белгілі, еліміздің Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы отандастарымыз айтып келмейтін табиғи су тасқынынан едәуір зардап шекті. Қаншама бауырларымыздың үйі су астында қалып, материалдық шығынға ұшырады. Осыған орай, жомарт жандар мен қайырымды кәсіпкерлер табиғи апаттан үй-күйсіз …