Іздеуде жүргендер анықталды
Тұрақты мекенжайы мен құжаттары жоқ, қаңғыбастықпен және қайыр сұраумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында өткізілген “Бомж” жедел-алдын алу шарасы барысында іздеуде жүрген азаматтар анықталды.
Тұрақты мекенжайы мен құжаттары жоқ, қаңғыбастықпен және қайыр сұраумен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында өткізілген “Бомж” жедел-алдын алу шарасы барысында іздеуде жүрген азаматтар анықталды.
Өңірімізде “Заңсыз келуші – 2017” жедел-алдын алу шарасы өтті. Шараның бірінші күні-ақ көші-қон заңнамасын бұзудың 273 дерегі анықталды.
Мемлекет басшысының бастамасымен осыдан бес жыл бұрын қолға алынған “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауы жылдан-жылға кеңейе түсуде. Бұл байқау салт-дәстүрді сақтай отырып, отбасы институтын нығайтуға бағытталған.
Облыс орталығының “Жастар” стадионында жасөспірімдер арасында футболдан облыс біріншілігі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған сайыста облыс аудандарының және Петропавл қаласының 11 командасы сынға түсті.
Кеше, яғни қасиетті жұма күні “Қызылжар” орталық мешітінде жуырда ғана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы тапсырмасымен құрылған “Әжелер” мектебінің төрайымы Ырысжамал Әленованың ұйымдастыруымен рухани шара өтті. Қыз тәрбиесі және ұлттық нақыштағы киім киюдің маңызы әңгімеге арқау болған жиында Халида Мінайдарқызы “Әжелер мектебіне” өзі тіккен оюлы 12 қамзол мен көйлекті сыйға тартты.
2015 жылы Петропавл қалалық сотында 1052 неке бұзылса, өткен жылы олардың саны 2034-ке жеткен. Ал үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында әңгімесі жараспаған 407 жұп сотқа арыз берген.
Биыл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына – 25 жыл. Осы мерейтой аясында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының кубогы үшін еліміздің солтүстік өңірінде іріктеу жарыстары басталды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты бағдарламалық мақаласын асқан қызығушылықпен оқып шықтым. Елбасы келешектің адамы қандай болуы тиіс, адамзат осы аумалы-төкпелі заманда өз бейнесін жоғалтып алмай, сана-сезімін таза сақтауы үшін не істеуі қажет деген күрделі сұрақтарға жауап бере отырып, баршамызды Отанымызды, туған жерімізді сүюге шақырады.
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласын талқылауға арналған жиын өтті.
Петропавлдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі алғашқы түлектерін ұшырды. Қанат қаққалы отырған 78 түлекті облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Бубенко құттықтап, ақ жол тіледі.
Облыс мектептерінде де дәстүрлі соңғы қоңырау соғылды. Петропавл қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектептің 18 түлегін соңғы қоңырау салтанатымен облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады
Осыдан он алты жыл бұрын Қызылжар ауданының Прибрежное ауылына көшіп келгенде елді мекеннің қала жақ бетіндегі биік бөгетке көзім бірден түскен еді. Есіл жағасында орналасқан ауыл үшін бұл бөгеттің маңызы зор екен. Осы жылдар ішінде көктем келген сайын Есілдің толқындары бөгетке тіреліп, ауылдың айналасын ғана су басып қалатын. Су бөгеттің жартысына жетіп, кейін тартыла бастайды. …
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында алдымен Мағжан Жұмабаев ауданындағы Возвышенка ауылдық округінің әкімі Қайнолла Сматовтың тәртіптік ісі қаралды. Аудан прокурорының орынбасары Қайсар Əбішевтің айтуынша, ол Возвышенка ауылындағы Мәдениет үйінің шатырын күрделі жөндеуден өткізу үшін ашық конкурс жарияламай, бірден лицензиясы жоқ “Успех СК” жеке кəсіпкерлігімен мемлекеттік сатып алу жөнінде келісімшарт жасасқан. Ақыры құрылыс жұмыстары дұрыс жүргізілмей, …
Барша мұсылман қауымы жылда тағатсыздана күтетін қасиетті Рамазан айы басталды. Оның қарсаңында “Қызылжар” облыстық орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы баспасөз мәслихатын өткізіп, жиналғандарды Ислам дініндегі бес парыздың бірі – ораза ұстауға ниет білдіргендерге арналған ережелермен таныстырды.
Өңірімізде көктемгі егіс қыза түсті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 26 мамыр күнгі деректеріне сүйенсек, 2963,1 мың гектар егіс алқабының 1861,2 мың гектарына бидай сіңіріліп, белгіленген меженің 62,8 пайызы орындалған. Майлы дақылдарға арналған 712,2 гектар алқаптың 463,2 мың гектарында себу жұмыстары аяқталды. Жоспарланған картоптың 94,1 пайызы отырғызылды. Ал қызылша егістігінде жарты алқап әлі бос тұр. Диқандардың …
Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелерінде қызмет ететін сала мамандарының біліктілігін арттыруға арналған өңірлік семинар өтті. Оған бизнес қауымдастықтардың, өндіруші кәсіпорындардың, сынақ зертханаларының өкілдері де қатысты.
“ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай тұтынушыларға үздіксіз қызмет көрсету мақсатында “Астана ЭКСПО – 2017” Ұлттық компаниясы мен “Қазақтелеком” АҚ-ы бірыңғай байланыс орталығын іске қосты.
Облыстық ішкі істер департаменті жанындағы консультативтік-кеңестік орган мүшелері Петропавлдағы гуманитарлық-техникалық колледж студенттерімен ақпараттық кездесу өткізді.
Жұмыс сапарымен облысымызға келген “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев, ең алдымен, Қызылжар ауданындағы “Радуга” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.
“Иттің иесі болса, бөрінің Тәңірі бар” деген қазағымыз өзін Көкбөріге теңейді. Батырлықтың, өжеттіліктің символы болған қасқырдың бұл мінезі Алтай мен Атыраудың арасын еркін жайлаған қазақтың рухына сай десек, өзінің маңдай терімен ұстаған олжасын ғана жейтін бөрі қасиеті бүгін неге бізге жат? Түз тағысы үшін маңдай терімен ұстаған олжасы – азығы болса, қазіргі қоғам мүшелері үшін …