«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 01.06.2017

«МӨҢКЕ БАЛЫҚ КҮНІ» ӨТКІЗІЛЕДІ

Балық аулаумен әуестенушілердің екінші аймақтық мерекесін ұйымдастырушылар  «Мөңке балық күні» 140 литр балық сорпасын пісіруді жоспарлап отыр.

Айбынымызды асыратын еліміздің мемлекеттік рәміздерін жергілікті жерлерде ұлықтап, құрметтеудің маңызы зор

4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні ретінде өңірде жыл сайын асқақ патриоттық сезіммен атап өтіледі. Мерейлі мерекеге арналған игілікті шараның бірі – Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаментінде “Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздеріне – 25 жыл” тақырыбында өтті. Онда айбынымызды асырып, рухымызды қанаттандыратын осынау қасиетті құндылықтарымыздың шығу тарихымен қатар мән-мағынасын өскелең …

Айбынымызды асыратын еліміздің мемлекеттік рәміздерін жергілікті жерлерде ұлықтап, құрметтеудің маңызы зор Read More »

ӨРІСІМІЗ КЕҢЕЮДЕ

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қорытындылап, дамуымыздың жаңа белесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауымен қадам бастық. Өткенге баға бере отыра, келешекке бағыт сілтеген маңызды құжат жетістіктер биігіне салынған сара жолдай болды. Келешегін болжаған, биікті армандаған ғана өзгелерден озық тұрады. Дамыған елу елдің қатарына кірген Қазақстанның ендігі межесі – отыз озық …

ӨРІСІМІЗ КЕҢЕЮДЕ Read More »

Балаңыз қайда демалады?

  Оқушылардың жазғы демалысы басталысымен, ата-аналардың көпшілігін осы сұрақ толғандырады. Олар тоғыз ай бойы білім нәрімен сусындаған балаларының жазғы каникул кезінде ештеңеге алаңдамай тынығып, келесі оқу жылына тың күшпен кіріскенін қалайды.

ЕР ЖІГІТТІҢ СЕРІГІ — ҚЫРАН БҮРКІТ

    Халқымызға ежелден белгілі бекзада өнер – құсбегілікпен айналасатындар уақыт өткен сайын азайып барады. Десе де, қанымызға сіңген бұл дәстүр қазақ барда жойылмақ емес. Біз соған сенеміз. Құсты қолға ұстай білу, үйрету, баулып аңға салу әркімнің пешенесіне жазылмайтын қадірлі де, қасиетті құбылыс болса керек. Біздің өңірде ата салтын сақтап, бүркіт баптаумен санаулы адам айналысады. …

ЕР ЖІГІТТІҢ СЕРІГІ — ҚЫРАН БҮРКІТ Read More »

Бала еңбегі қаналмасын

Кезекті оқу жылы аяқталып, балалар жазғы демалысқа шығатын кез келді. Нақ осы кезде олардың көпшілігі демалса, араларынан жұмыс істегісі келетіндер де табылады. Өкінішке қарай, олардың еңбегін қанау фактілері де кездесіп қалып жүр.

Ардақты ана

Бес бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана Ләйла Орынбайқызы – шырайлы шаңырақтың төрінде ұрпақтарының қызығына бөленіп отырған асыл жан. “Бар бақытым – балаларым”, дегенді жиі айтады. Өзіме көптен бері таныс абзал ананың қалаға келгенін естіп, сұхбаттасып келейін деп, қойын дәптерімді қолтығыма қысып, қаладағы көпқабатты үйдің домофонын бастым.

МӘҢГІЛІК ДАҢҚ

Төрт жылға созылған қанды қырғын кезінде із-түзсіз жоғалған жауынгерлердің мүрделерін іздеумен тынбай айналысып келе жатқан “Саланг” әскери-патриоттық клубының мүшелері жуырда кезекті сапардан оралды. Біз клубтың жетекшісі, бұрынғы десантшы Александр Азеговқа жолығып,  тындырылған істер жайлы әңгімелеп беруін өтінген едік.

Зұлмат жылдар жадымызда

 Қазақ халқының басынан небір қиын күндер өткен. Сондай зобалаң қасіреттің бірі – саяси қуғын-сүргіннің басталғанына биыл 80 жыл болады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр  Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленген. Кеше облыс орталығында аза тұту митингісі ұйымдастырылып, жиналған қауым солақай саясаттың құрбаны болған боздақтарымызды, адамзат қолымен жасалған жалған ашаршылық құрбандарын, бас сауғалап, …

Зұлмат жылдар жадымызда Read More »

ДӘРІГЕР ТАПШЫЛЫҒЫ ӘЛІ ДЕ ӨЗЕКТІ

 Бүгінгі таңда өңіріміздегі емдеу мекемелеріне 316 дәрігер жетіспейді. Әсіресе, педиатр, лор, окулист, клиникалық фармоколог сияқты салалық мамандар тапшы. Ал өңірімізде қан айналымы жүйесі аурулары бойынша өлім-жітім саны республикалық көрсеткіштен 60 пайызға жоғары.

Оқушылар сарайы салынып, саябақ жаңартылады

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың өңір жастарымен кездескені жайлы газеттеріміздің өткен санында жазған болатынбыз. Осы жиында облыс орталығында барлық заманауи талаптарға сай келетін балаларға арналған Оқушылар сарайы бой көтеретіні белгілі болды. Бұл жағымды жаңалық жастарды ерекше қуантқаны анық.

ҚАРЖЫ ҚҰЮҒА ДАЙЫН

  Тайынша ауданындағы май зауыты – үлкен жобаның басы ғана, болашақта Қазақстан мен Қытай шекарасында логистикалық база, ал көрші елдің Сиань шаһарында сауда кешені бой көтереді. Яғни, агроөнеркәсіптік-логистикалық кешен өнімді өндіруден бастап, оны жеткізу және сатуға дейінгі жұмысты толық қамтымақ. Мұны қытайлықтар “айдаһар жүйесі” деп атап кеткен. Облыс әкімі Құмар Асқақаловтың Қытай мен Сингапурдан келген …

ҚАРЖЫ ҚҰЮҒА ДАЙЫН Read More »

“НҰРЛЫ ЖЕР” — ТИІМДІ БАҒДАРЛАМА

   Бүгіндері облыс орталығында 13 мыңнан астам адам жеке баспана алу үшін кезекте тұр. Соңғы төрт жылдың ішінде 955 пәтер пайдалануға берілсе, үстіміздегі жылы облыс орталығында “Нұрлы жер” бағдарламасы шеңберінде 1003 пәтерлік 11 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Сөйтіп, төрт жылдың межесі бірден орындалмақ. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасының …

“НҰРЛЫ ЖЕР” — ТИІМДІ БАҒДАРЛАМА Read More »