«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.06.2017

КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ

Есіл ауданы – ән мен бидің де киелі бесігі. Көрерменнің көзайымы – “Лейся песня” ансамблінің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Аталмыш ансамбльге жергілікті өнерпаздар тартылып, ауданда басшылық қызмет атқарып жүрген ел ағалары қолдау жасауда.

КЕМЕҢГЕРДІҢ БІР ХАТЫ

Міне, біздің алдымызда заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің бұдан 90 жыл бұрын туған еліне жазған бір хатының көшірмесі жатыр. Ұясын қорғаған қарлығаштай, талант иесінің елі үшін, туған жері үшін жүрекжарды тілегі бұл хатында қалтқысыз көрініс тапқан. Тегінде, әр жазушы алдымен елімен, халқымен іргелі десек, Әуезов шығармашылығы да жаңарған қазақ елімен біртұтас дүние.

Асатана тыныштығын күзетуде

“ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесі қарсаңында елордадағы қоғамық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларынан құралған жасақ өз міндеттерін орындауға бірден кірісіп кетті.

“Жақын адамдар”

  Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында облыстық бейнелеу өнері мұражайында “Солнечный дом” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен алтыншы рет даун синдромымен ауыратын үлкендер мен балаларға арналған “Жақын адамдар” деп аталатын фотокөрме өтті.  

ЕРЕКШЕ КІЛЕМ

Облыстық ІІД көші-қон басқармасының қызметкерлері  кеше , Халықаралық балалар қорғау күні Петропавлдағы «Сәбилер үйіне» барып,  жол қозғалысы ережелері туралы суреттер салынған кілемді сыйға тартты.

ЖАНАРҒА ЖАС ҮЙІРДІ

  Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының XVIII маусымының шымылдығы белгілі қаламгер Шерхан Мұртазаның “Әзиза” қойылымымен жабылды. Спектакль 1937 жылғы қуғын-сүргін құрбандарының жарлары хақында сыр шертеді. Қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әйелі Әзиза Түбекқызының АЛЖИР түрмесіндегі аянышты тағдыры тарихта қалған зұлматты жылдарды санамызда қайта жаңғыртты.  

Айыппұл салынды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығымен бекітілген электр қуатын пайдалану қағидаларының орындалуы маңызды. Сонда көрсетілгендей, энергия беруші немесе өндіруші ұйым желісіне электр қуаты қабылдағыштарын өз еркімен жалғағандарға және электр қуатының коммерциялық есепке алу құралдарынан басқа электр қабылдағыштарын қосқандарға ескерту жасамай, қуат беру қызметін тоқтатады.

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ

Мемлекеттік мекемелер білім беру саласындағы қызметтердің 96,6 пайызын көрсетеді. Оның ішінде негізгі қызмет түрінің көлемі – 96,3, ал қосалқы қызмет 92,8 пайызды құрайды. Былтыр білім беру саласындағы қызметтерді Солтүстік Қазақстан облысында 767 ұйым көрсетті. Білім беретін ұйымдардың орындаған негізгі қызмет көлемі 50492,3 млн. теңгені құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда, білім беру қызмет көлемінің 23,8 пайызға …

БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІ Read More »

ӨРТ СӨНДІРУ ДЕСАНТЫ

Жақында Петропавл қаласындағы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі “Қайсар”, “Жеңіс”, “Импульс”, “Мұрагер”, “Ровесник” атты балалар мен жасөспірімдер клубының мүшелері арасында “Өрт сөндіру десанты” атты спорттық сайыс өткізді. Құтқарушылардың күнделікті жұмыс кестесі бойынша қызметке кіріскен жас өрендер өздерін нағыз өртсөндіруші ретінде сезінетіндей барлық жұмысты атқарды. Дабыл қағылған бойда өртсөндірушінің киімін, газқағарлар киіп, жасанды түтінге толы дәлізден …

ӨРТ СӨНДІРУ ДЕСАНТЫ Read More »

Ұрланған велосипедін қайтарды

Жаз туысымен велосипед ұрлығы жиілейді. Тәжірибелі ұры үшін кілтке салынған велосипедті ұрлау еш қиындық тудырмайды. Облыс орталығындағы М.Әуезов көшесі бойындағы гараждардың бірінің есігін бұзып, үш велосипедті қолды қылған ұрылар олжаларын сатпақ болып жүрген жерінде ұсталды. Ал Мамлют ауданының орталығында полиция қызметкерлері жетінші сынып оқушысы Асылжан Бегалиноваға бір апта бұрын ұрланған велосипедін қайтарды. Мектеп оқушысы анасының …

Ұрланған велосипедін қайтарды Read More »

«ИНТЕРМУЗЕЙ-2017»

Солтүстікқазақстандық мұражайшылар Ресей Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен Москвада 25-29 мамыр аралығында өткен «Интермузей» халықаралық фестивалiне қатысты.

Қуантсаң, баланы қуант

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында облыстық ішкі істер департаментінің дене шынықтыру-спорт қоғамы отбасылық үлгідегі балалар ауылының, №1 түзету мектеп-интернатының және жетім балаларға арналған интернаттың тәрбиеленушілері үшін спорт мерекесін ұйымдастырды. Спорттық байқаулардан кейін кішкентай меймандар жұмбақтар шешіп, шашылған әріптерден сөздер құрастырды. Дартстан өткізілген жарыста ер балалар арасында Денис Крассов пен қыздар арасында үздік нәтиже көрсеткен Лия …

Қуантсаң, баланы қуант Read More »

АУРУ ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ

Туберкулез – жұқпалы ауру. Ең жиі кездесетін түрі – өкпе туберкулезі. Көп жағдайда сырқат белгісі науқас адамға білінбей басталады да, тек қана манту қойғанда, қақырықты “Кох таяқшасына” тексергенде немесе флюорографиялық тексерістен өткенде табылады. Біздің халықта егде тартқан адамдарға туберкулез жұқпайды деген ұғым бар. Бұл дұрыс емес. Туберкулез жас талғамайды және әр жастағы адам ауырады, адам …

АУРУ ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ Read More »

Тік жүріп, түзу отыр

Бала кезімізде, әсіресе, мектепте оқып жүргенде, “бүкірейме”, “түзу отыр”, “тік жүр”, “түзу жат”, “түзу тұр”, “ауыр көтерме, белің қисаяды” деген сөздерді ұстаздарымыз мен ата-анамыздан жиі еститінбіз. Бірақ бала көңіл ол сөздің түпкі астарына бойлай бермейтін. Кейіннен ойланып қарасақ, мұның астарында бала денсаулығы, бүкіл елдің болашағы жатыр екен. Осы ретте халық “Ағаш түзу өсу үшін оған …

Тік жүріп, түзу отыр Read More »

ТИІМДІ ЖҮЙЕ

Медициналық сақтандыру халықтың денсаулығын қорғаудың негізі болып табылады. Дамыған елдердің көпшілігі оны денсаулық сақтау саласында қолданып, нәтижесін көріп отыр.   Бүгінгі таңда басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам сирек. Сондықтан да денсаулыққа қатысты мәселелерді алдын ала ойластыру қашанда оң нәтиже бермек. Әр адам денсаулығы үшін өзі жауапты, дегенмен, мемлекет бұл мәселеде қарапайым халыққа көптеген жағдайларды, ұтымды …

ТИІМДІ ЖҮЙЕ Read More »

АУЫЛДА ТОЙ ЖАСАУҒА НЕГЕ АРЛАНАМЫЗ?

“Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды” дегендей, қоғамда, айналаңда болып жатқан келеңсіздіктерді көрген көзде, естіген құлақта жазық жоқ. Бұған дейін оқырмандарымыз ысырапшылдық жайында жазған біраз мақалаларымызды оқыған болар. Ол кезде өлім-жітім кезінде орын алатын ысырапшылдық жайында айтқанбыз. Бұл жолы әңгіме той төңірегінде өрбиді. “Өзге тойды тойламасаң тойлама, екі жастың бақыт тойы тойлансын”, деп бар жиған-тергенін балалардың …

АУЫЛДА ТОЙ ЖАСАУҒА НЕГЕ АРЛАНАМЫЗ? Read More »

«ШАБЫТ ШЕРУІ»

Петропавлда балаларды қорғау күніне орай жасөспірімдердің шығармашылық ұжымдарының шеруі ұйымдастырылды.

АҚЫЛДЫҢ КЕНІ

Алқағаш бастауыш мектебінің 1-сыныбын өте жақсы бітіргенім үшін сыйлыққа “Жоғалған көйлек”, ал 2-сыныпты аяқтағанда “Бақытты іздеген бала” атты кітапшалар алғаным әлі есімде. Ал 3-сыныпта оқып жүргенде мектептің мұғалімдер бөлмесіне өмірімде бірінші рет бас сұқтым. Оң жақ қабырғадағы іші кітаптарға лық толы биік шкаф бірден назарымды аударды. Осыны көргесін көңілім тыншымай, артынан батылым барып сұрағанымда алғашқы …

АҚЫЛДЫҢ КЕНІ Read More »

ЖАСТАЙЫНАН БОЙЫНА СІҢІРСЕК…

Бүгіндері сыбайлас жемқорлық – ғаламдық мәселелердің бірі. Бұл індет қоғаммен бірге дамып, тереңдей түсетін зиянды құбылыс. Ол қоғамдық қатынастардың дұрыс дамуына мүмкіндік бермей, тамырымен бойлап кете береді. Жемқорлықты түп тамырымен жою үшін қоғамда оған қарсы мәдениет қалыптастырып, бірлесе күресу керек.   Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының қағидалары бойынша қоғамда сыбайлас …

ЖАСТАЙЫНАН БОЙЫНА СІҢІРСЕК… Read More »

“МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН”

“Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді” деген. Күлке Әубәкірова апай 82 жасқа келсе де, жүзінің әрі тая қоймаған. Тың, жүрісі ширақ, сөз саптасы мығым. Текті тұқымнан қалған тұяқ екенін жазбай тануға болады. Оның зобалаң кезеңнің айықпас жарасы жайлы айтары аз емес.   – Апа, аталарыңыз үйір-үйір жылқы, табын-табын сиыр, отар-отар қой өргізген дәулеттілер санатынан …

“МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН” Read More »