«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.06.2017

ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ ЖІБЕРІЛЕДІ

Тәртіп сақшылары жуырда Ресей мен Қазақстан шекарасынан алкогольді өнімдерді заңсыз өткізбекші болған азаматтарды қолға түсірді. Тәркіленген отыз мыңға жуық шөлмекке құйылған сыраның жарамдылық мерзімі өтіп кетіпті. Облыстық әділет департаментінің сот орындаушысы Сандыбай Қарабай заң бұзушылардың әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтінін айтты. Ал тәркіленген барлық контрафактілік алкогольді ішімдіктер “Вторсырье” жауапкершілігі шектеулі …

ҚАЙТА ӨҢДЕУГЕ ЖІБЕРІЛЕДІ Read More »

ДАРИЯ КЕУДЕ, ТАУ МҮСІН

Дананы, кемеңгер мен кемелді, құдіретті кісілерді халықтың ниеті, қошеметі тудырады. Әдетте ондай тұлғалардың еткен еңбегі, төккен тері, кешкен ғұмыры, бар болмыс-бітімі қарақан басымен шектеліп қалмай, өзі өмір сүрген заманымен астасып, сол кезеңнің айғағына айналып кетеді. Қазақта сондай дара туған адамдардың бірі – Бекет Тұрғараев.

КЕЛЕШЕК — ҰРПАҚ ҚОЛЫНДА

 Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатта көп жылдар бойы еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз бен жас мамандарымыз өзара тәжірибе бөлісуде. Мектебімізде деңгейлік курстардың бірінші, екінші, үшінші, көшбасшы сатысын оқып, өз іс-тәжірибесімен бөлісіп жатқан мұғалімдеріміз “Тәжірибе негізіндегі зерттеу” атты ашық сабақтар өткізді. Ұстаздар сабақтарында жеті модульді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланды.

Елдігімнің белгісі

Отанымның мақтанышы, айбыны, Беткеұстар шамшырағы, байлығы. Рәміздерім – елдігімнің белгісі, Көк аспанда таласатын ай-күні.

МЕЖЕГЕ ТАЯУ

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өңірде картоп пен көкөніс отырғызу жұмыстарының аяқталғанын хабарлады.

“КӨРМЕДЕ ТАҢДАЙ ҚАҚТЫРАТЫН КЕРЕМЕТ КӨП”

Әлем назарын Астанаға аударған ауқымды жаһандық оқиға – “ЭКСПО – 2017” халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылу салтанатына да санау­лы күндер қалды. Елбасы Ұлттық жоба деп бағалаған жаһандық шараны өткізуге дайындық барысында арнайы құрылған “Астана – ЭКСПО – 2017” ҰК” акционерлік қоғамына жүктелген жауапкершілік те, атқарылған жұмыс та зор. Жақында осы акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов …

“КӨРМЕДЕ ТАҢДАЙ ҚАҚТЫРАТЫН КЕРЕМЕТ КӨП” Read More »

Ұлттық рухтың темірқазығы

Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 25 жыл толуына орай Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңіріміздегі филиалында өткен баспасөз мәслихатында рәміздер тарихы мен оларды қолдану талаптары туралы айтылды.

Шыңда шырқалған Әнұран

Мемлекеттік рәміздерді қабылдау процесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше болды. Мемлекеттік Әнұран мәтініне жекелеген түзетулер енгізген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев біріктірілген авторлық ұжымның құрамына кірді. Мемлекет басшысы терминдердің қазақ тілінде пайдаланылуына көңіл аударды. Оның бастамасы бойынша “елтаңба”, “әнұран”, “нышан”, “рәміз” сияқты ресми терминдер енгізілген.

ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ

1992 жылдың 4 маусымы еліміздің тарихына Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің қабылданған күні ретінде енді. Үстіміздегі жылы біз еліміз үшін айтулы оқиға ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына ширек ғасыр толуын атап өтеміз. Тәуелсіздікпен бірге қайта түлеген ұлттық рухымыз, мызғымас бірлігіміз, асқақ арманымыз – бәрі де осы рәміздерде көрініс тапқан. Қазақстан байрақты бәсекелер мен алқалы жиындарда …

ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ Read More »