«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он төртінші сессиясына облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров қатысты. Депутаттардың талқылауына 2016 жылғы облыстық бюджеттің, Жамбыл және Мамлют аудандарында 2016-2020 жылдарға арналған облыс аумағын дамыту бағдарламасының орындалу барысы және өзге де мәселелер ұсынылды.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Ескен Әкімжанов 2016 жылға арналған облыстық бюджеттің кірісі жөніндегі жоспардың барлық бағыт бойынша толық орындалғанын хабарлады. Есепті кезең ішінде жергілікті бюджетке 158 480,2 млн. теңге түссе, оның 16 976,8 млн. теңгесі өзіндік кіріс, 132 893,9 млн. теңгесі трансферттер есебінен, ал қалған бөлігін бюджеттік несиелерді жабу, салымдардың түсуінен болған кірістер құраған. Дегенмен, облыс бюджетінің шығысы өскені байқалады.

Егер 2014 жылы бюджеттің шығыс көлемі 113934,5 млн.теңгені құраса, 2015 жылы 117100,2 млн.теңге, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 158657,1 млн. теңгеге жеткен. Яғни 39,3 пайыздық өсім бар. Есепті кезең ішінде облыстық бюджет 99,8 пайызға орындалған.

–Аудан экономикасын нығайтуды, әлеуметтік қызметтер сапасын арттыруды, инфрақұрылымды жетілдіруді, аумақтық кеңістікті үйлестіруді көздеген бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында ауданның экономикалық-әлеуметтік даму көрсеткіштері жақсартады. Жүргізілген мониторинг көрсеткендей, есепті кезеңге жоспарланған 64 индикаторлар толық орындалды, – деді Мамлют ауданының әкімі Ерболат Бекшенов өз есебінде.

Баяндамашының айтуынша, 2016 жылы бағдарламаны жүзеге асыру үшін барлық қаржы көзінен тартылған 1 млрд. 597 млн. теңге түгел игерілген. Бағдарламаны іске асыру негізгі көрсеткіштердің өсіміне оң әсер еткен. 2016 жылы ауданға 1 млрд. 674 млн. 700 мың теңгенің инвестициясы тартылған. Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында өнеркәсіп саласы 1 млрд. 985 млн. теңгенің өнімін шығарған. Ауданда қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бойынша біраз істің басы қайырылған. Нәтижесінде өткен жылы 225,5 млн. теңгеге 1230 бас қара мал сатып алынды.

Жамбыл ауданында да алға басушылық байқалуда. Аудан әкімі Иван Турковтың хабарлауынша, бағдарламада жоспарланған 67 мақсатты индикаторлардың 57-і жүзеге асырылып, жоспар 85 пайызға орындалған. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында жылдық жоспар 121 пайызға орындалып, 1585,9 млн. теңге игерілген. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында ауданның өнеркәсіп секторы 1537,8 млн. теңгенің қызметін көрсетті. Өңдеуші өнеркәсіпте 6,5 пайызға, оның ішінде тамақ өнімдерін өндіру 9,3 пайызға, бөлке нан және ұн өнімдері 1,6 пайызға, мал азығын дайындау өндірісі 84,6 пайызға, машина жасау, машиналарды және құралдарды жөндеу және орнату 3 есеге, электр энергиясын өндіру және тарату 2,1 есеге өскені байқалған.

Сессияда “2017-2019 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысының бюджеті туралы” Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы №8/1 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысы туралы есеп тыңдалды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp