«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Day: Маусым 15, 2017

ЗАҢГЕРЛЕР КӨМЕГІ

Кеше кешке Петропавлда «Народный юрист» деп аталған акция өтті. Шараға адвокаттар, әділет, прокуратура мамандары, қалалық мәслихат депутаттары, әкімдік өкілдері  тартылды.

ЖАС ИНСПЕКТОРЛАР САЙЫСЫ

Петропавлда жас жол инспекторларының 26-шы облыстық жарысы өтуде. Облыс орталығы мен аудандардан келген 100-ден астам жасөспірім  екі күн бойы жол қозғалысы ережелері бойынша түрлі байқауларға қатысып жатыр.

ҚУАТТЫ ТРАКТОРЛАР ҚҰРАСТЫРАМЫЗ

Ауылдың қара домалақ баласы болғаннан соң темір-терсекке кішкентайымнан үйір болдым. Техниканың тілін жақсы білетіндердің қасынан бір елі шыққан емеспін. Осылайша, бозбала шағымда түрлі көліктердің құрылысын жете меңгердім. Бүгінде мен облыс орталығындағы трактор зауытында слесарь-құрастырушымын. Еңбек өтілім бір жыл ғана, дегенмен, жауапкершілігімнің, зауыттағы әріптестерімнің қолдауының арқасында үшінші дәрежелі құрастырушы деген біліктілікке қол жеткіздім.

ӨНЕРДЕ ШЕКАРА ЖОҚ

Небір дарындардың бағын ашып, жұлдызын жарқыратқан “Минута славы” байқауы біздің өңірімізде де өтіп, жеңімпаздар Мәскеу қаласындағы кезеңге жолдама алды.

“ТАБЫСҚА АПАРАР ЖОЛ”

Осындай атаумен облыс студенттері арасында өткен бизнес жобалар байқауы қорытындыланды. Стартап конкурсына қатысуға “Жас кәсіпкер мектебін” тамамдаған 14 солтүстікқазақстандық студент өтініш білдіріпті.

КӨШЕ СПОРТЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛАР КӨП

“Street Workout” – көше спорты. Яғни, аулаларда орналасқан спорттық жабдықтарда түрлі күштік қимылдарды жасап, денені шынықтыру. Бүгінде өңірімізде бұл бұқаралық спорт қарқын алды. Өйткені, оның өзгелерден ерекшелігі – әрбір азаматқа қолжетімділігінде. Ақылы спорт үйірмелерінің төлемін көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Сол себепті біздің таңдауымыз арнайы залды, қымбат құрал-жабдықты талап етпейтін спорттың түріне түсті. “Street Workout” бұқаралық …

КӨШЕ СПОРТЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛАР КӨП Read More »

ТАРИХИ ЖЕРЛЕРМЕН ТАНЫСАДЫ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында “Туған жер” бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Мемлекет басшысы отансүйгіштік сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты.

Көрме — келешектің жобасы

Үстіміздегі жылдың сәуір айында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттерінен құралған команда Павлодар қаласында өткен “Хакатон” республикалық конкурсына қатысқан едік.

АРМАНЫ — ОЛИМПИАДА АЛТЫНЫ

Əлемдік ареналарда қарсыластарының жауырынын жер иіскетіп, өңіріміздің намысын қорғап жүрген қаракөз қыздарымыз саусақпен санарлық қана. Солардың бірі – 20 жастағы Назгүл Маратовамен сұхбаттасудың сəті түсті.

Ән мен күйден шашу шашты

“Өнерлі бала сүйкімді” деген. Баланы жастайынан өнерге баулып, талантын ұштаудың пайдасы зор. Бұл алдымен шығармашылық тұрғыда дамуына, рухани дүниесінің баюына үлес қосады. Сонымен қатар “Жүзден – жүйрік, мыңнан – тұлпар” шығып, ертеңгі күні ел мақтанышына айналар өнер адамдарының да бүгінгі шәкірттердің арасынан табылатыны анық.

САРБАЗДАН САРДАРҒА ДЕЙІНГІ ЖОЛ

Адам тағдыры өз қолында деп жиі айтамыз. Әрине, Табиғат-Ананың құдіретін де жоққа шығара алмаймыз. Дегенмен, өмір соқпағын адаспай таңдай білген азаматтың өз шығар биігі, алар асуы болатыны ақиқат. Осыдан тура 26 жыл бұрын Балабек Жахин балаң үміттің жетегінде полиция қызметкері атану үшін Қарағанды жоғары милиция мектебіне жол тартқан еді. Ал бүгінгі күні бұралаңы мен соқпағы …

САРБАЗДАН САРДАРҒА ДЕЙІНГІ ЖОЛ Read More »

ҰСТАЗ БИІГІ

Ұшқыр уақыт алға ұмтылған сайын өткен күндердің сәулелі сәттерін жиі еске алып жататынымыз ақиқат. Әсіресе, өмір жолында өзіндік өрнек салған ұстаздарға деген құрмет жыл өткен сайын арта түседі екен. Халқымызда “Ана мен ұстаз мейірімі – егіз” деген ежелден айтылып жүрген жақсы бір сөз бар. Ғұмыр парақтарын ой елегінен өткізген сәтте ұстазым Қырғыз Мұсабаев алғашқылардың бірі …

ҰСТАЗ БИІГІ Read More »

“ДӘСТҮР — ҚАЗАҚТЫҢ ДІҢГЕГІ“

Тәубе, егемен ел атанып, Тәуелсіздік туын тіккен ширек ғасырдан астам уақыт бедерінде өшкеніміз қайта жанып, жоғалғанымыз табылды, өлгеніміз тірілді. Тасада қалған тарихымызды, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғыртуға соны бетбұрыстар, батыл қадамдар жасалуда. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір тіршілігі, тұрмыс салты жайлы ғылым – этнография саласымен айналысып жүрген ғалымдар еліміз бойынша саусақпен санарлықтай. Солардың …

“ДӘСТҮР — ҚАЗАҚТЫҢ ДІҢГЕГІ“ Read More »

ЖАҢАРҒАН СТАДИОН

Бүгінде облысымызда спорт нысандарының материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымын нығайту мақсатында жүйелі түрде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қызылжарлықтардың қуанышына орай, “Қарасай” стадионында былтыр басталған күрделі жөндеу жұмыстары аясында спорттық нысандағы футбол алаңының жасанды жамылғысын ауыстыру бойынша жұмыстар қолға алынды.

АНА МЕЙІРІМІН ІЗДЕЙДІ

Бүгінде туған баласынан безген “көкек аналар” азаймай отыр. Балалық шақтың балдәуренін емес, кермек дәмін татып, анасының ыстық құшағы мен аялы алақанының жылуын сезіне алмай өсіп келе жатқан қаншама бала бар. Олар жетімдер үйлерінде тәрбиеленіп жатыр. Перзентінің жанарын жәудіретіп кете барған, өзі тасбауыр ана атанғандардың жайы өзекке өкініш ұялатады. Бұл – қоғамның қасіреті, ащы да болса …

АНА МЕЙІРІМІН ІЗДЕЙДІ Read More »

АДАМҒА ӨМІР СЫЙЛА!

Облыстық қан орталығына халық әдеттегіден көп жиналды. Дүниежүзілік донор күніне орай орталықтың директоры Сабыржан Тәукелов өте ұқыпты, қажет болған жағдайда әрқашан қан беруге дайын тұратын үздік донорлар Ю.Наумочкин, Р.Хамзин, Р. Мамбетов, В.Садвакасов, В.Пресняков, А.Бабин, В.Щепёткин, И.Хлебникова, А.Колмаковты Алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар тапсырды. Ол отандастарымыздың өмірін сақтап, ұзақ жылдар бойы үнемі қан беріп келе жатқан донорларға …

АДАМҒА ӨМІР СЫЙЛА! Read More »

Гәкку

Түрлентіп тоқсан түрлі ән саламын, Жай тастап құлашымды кең аламын. Түскенде сен есіме ерке Гәкку, Құлпыртып осынау әнді толғанамын.

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМАҚЫ ӨСУДЕ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” атты Жолдауында: “…2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деңгейден 20%-ға дейін арттырылады. Бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оның көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді. …Менің тапсырмам бойынша 2017 жылғы …

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ЖӘРДЕМАҚЫ ӨСУДЕ Read More »

Автобус жүрмейтін ауылдар бар

Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, өзекті мәселелер қаралды. Отырыс өңірдегі жолаушылар тасымалының сапасын талқылаудан басталды.

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫ ҚҰРМЕТТЕЙІК

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласын оқи отырып, ерекше күйге еніп ұлттық, рухани, психологиялық жақсы бір сезімге бөлендім және оны Қазақстанның келешегі үшін маңызды стратегиялық құжат деп қабылдадым. Себебі, бұл мақалада Қазақстан дамуының басты құралы ретінде рухани жаңғыру, ұлттық құндылықтарды сақтау бағыты айтылған. Оның дұрыстығын барлығымыз түсінуіміз керек.