«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 17.06.2017

Жүрегі ізгілікке толы

“Еңбек – адамның көркі, адам – заманының көркі” дегендей, денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, халықтың ықыласы мен алғысына бөленіп, заманының көркі болып жүрген дәрігерлер аз емес. Солардың бірі – облыстық аурухананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ботагөз Сүлейменова.

ТІЛШІЛЕР ТӘРТІПТІ ҚАДАҒАЛАДЫ

Қазақстан полициясына 25 жыл толуына орай және журналистер қауымының кәсіптік мерекесі қарсаңында облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері баспасөз турын ұйымдастырды. Шара барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері өздерін бір күнге полиция қызметкері ретінде сезінуге мүмкіндік алды. Нағыз полиция қызметкері болу үшін арнайы киім де берілді.

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР

Облыстық ішкі істер департаментінің мұражайында  бейбіт өмірде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлері туралы  алуан сыр шертетін  жәдігерлер аз емес.

ҚАН МАЙДАННЫҢ КУӘГЕРІ

Соғыс ардагері, отставкадағы полковник, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, өңірімізге белгілі өлкетанушы Сергей Пресняков 95 жасқа толды. Мерейтой иесін облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан оның орынбасары Асқар Сақыпкереев құттықтады.

ТӨЛ ӨНЕР ТӨРГЕ ОЗДЫ

Бұрнағы күні кешкілік Уәлиханов ауданының орталығында ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық спартакиада жалауы көтерілді. Бұл жарысқа өңіріміздің 800-ге жуық спортшысы қатысып, спорттың 14 түрі бойынша сынға түсті.

ДӘСТҮРІМІЗ ДӘРІПТЕЛМЕК

24 маусым күні облыс орталығында “Қымызфест” фестивалі өтеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалының кезекті баспасөз мәслихатында айтылды.

АЛҚАПТАР ӨҢДЕЛУДЕ

Көктемгі егіс жұмыстарын аяқтаған облыс диқандары танаптарды күтіп-баптауға кірісті. Биыл облысымыздың 3487 мың гектар алқабында арамшөптер мен зиянкестерге қарсы іс-шаралар қолға алынатын болады. Бүгіндері оның 267 мың гектарында химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл деректерді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлады.

ЖАҢА МҮМКІНДІК

Облыстық “Даму” қорының кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында “Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің кәсіпкерлік қабілетін дамыту” тақырыбына арналған семинар өтті. Шараның өтуіне “Шырақ” мүгедек әйелдер қауымдастығы” қоғамдық бірлестігі және “Даму” қоры мұрындық болды. Екі күндік семинарға жиырмаға жуық қыз-келіншек қатысып, сертификат алды.

АДАМ ЖАНЫНЫҢ АРАШАШЫСЫ

Бұрнағы күні Жастар сарайында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Ақхалатты абзал жандарды облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан  оның орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

ЖАҢА БАСШЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке жаңа басшы тағайындалды. Оны өңірімізге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин таныстырды. Астаналық мейман облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен де кездесіп, еліміздегі азаматтық қорғаныс қызметі саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселені талқылады.

ЖАҚСЫ СӨЗ ДЕ — ШИПА

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында өткен салтанатты жиында адал еңбегімен елге танылып, өз мамандығының шебері атанған бір топ ақхалатты абзал жан қошеметке бөленді. №3 қалалық аурухананың терапия бөлімшесінің меңгерушісі Зәуреш Рахимберлина да үздіктер қатарынан көрініп, “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісінің иегері атанды.