«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 20.06.2017

АСТАНАДА ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театры  атақты режиссер Әзірбайжан Мәмбетовтің 85 жылдығына арналған V Халықаралық театр фестиваліне қатысты.

ҰБТ БАСТАЛДЫ

Бүгін мектеп түлектерінің алғашқы легі сынақтан өтіп жатыр. Маусымның 20-нан бастап шілденің 1-не дейінгі аралықта жоғары оқу орнына түсуге ниетті түлектер ҰБТ-дан  өтеді.

Бірлесіп жұмыс істемек

Үстіміздегі жылдың басынан бері облыста заңсыз есірткі затының айналымына қатысты 206 құқық бұзушылық тіркеліп, 22 килограмм есірткі тәркіленген, соның ішінде 179,48 грамм героин бар. Осы және өңірімізде адамның иммунитет тапшылығы вирусының таралу мәселесі денсаулық сақтау органдары мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен кездесуде қаралды.

ӨТКЕНГЕ ӨКІНІШ

“ЕС-164/6” түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан қыз-келіншектер кітап шығарды. Сотталғандардың ең үздік өлеңдері енген “Өмірді бағалаңдар” атты кітап Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы және қалалық жастар ресурстары орталығының қолдау көрсетуімен жарық көрді.

АЛҒАШҚЫ ТҮЛЕКТЕРІН ҰШЫРДЫ

Осыдан екі жыл бұрын ашылған Назарбаев Зияткерлік мектебін тамамдаған алғашқы 78 түлектің 7-еуі “Алтын белгі” иегері атанды. Тағы бір оқушы “Ерекше үлгідегі аттестат” алды.

Жарайсыңдар, Қызылжар қажылары!

Қызылжар қажыларының бесінші парызын орындағандар арасында Қазақстанда бірінші болып ауызашар беруі қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келді. “Қызылжар” орталық мешітінің ішіне де (асханасы), сыртына да (ауладағы киіз үйлерге) жайылған көп дастарқан 400-ден артық жамағатты тоғыстырды. Қажылар қайырымдылықтың үлгісін көрсете білді: ауызашарға Смирново қарттар үйі мен жетім балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының бір топ өкілдері арнайы шақырылыпты. Сондай-ақ, …

Жарайсыңдар, Қызылжар қажылары! Read More »

Мүлік құқығы заңдастырылады

Мемлекеттің мүлікке құқық иелену негіздерінің бірі – оны мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың сыйға тартуы болып табылады. Мүлікті жекеменшіктен мемлекеттік меншікке беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі №1103 қаулысымен бекітілген сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасымен реттеледі.

ШЕТЕЛДЕН МАМАН ТАРТҚАНДАР ЖАРНА ТӨЛЕЙДІ

Бүгінде ел экономикасы дами түскен сайын еңбек нарығында жоғары білікті мамандарға, оның ішінде шетелдік жұмыс күшіне деген сұраныс арта түсуде. Осы орайда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және оны ұзарту тәртібі, оған төленетін салықтардың мөлшері туралы ақпарат білігім келеді. Ойрат ҚАРАТАЕВ. Петропавл қаласы.

ЖУРНАЛИСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жылдағы дәстүрлерінен таймай, алғашқылардың бірі болып өңіріміздегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтаған облыстық ішкі істер департаментінің ауласына кірген әр журналист ерекше сезімге бөленгені анық. Себебі, қызыл кілемнің бойымен сап түзеп тұрған тәртіп сақшылары зор ілтипатпен қарсы алғанда абдырап қалғанымыз да рас. Бірақ құрмет көңілді көтереді емес пе?!

КЕШЕНДІ ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛІ

Жуырда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Шара барысында биылғы бес айда атқарылған жұмыстар сараланып, Мамлют ауданында өтетін “Ақ бидай” жазғы ауыл спорты мерекесіне дайындық барысы талқыланды.

Қасиеті мол, Қадір түні

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын! Қасиетті Қадір түні биыл маусымның 21-нен 22-сіне қараған түнге тұспа-тұс келіп отыр. Бұл түннің атына заты әбден сай: Рамазан түндерінің ішіндегі ең ерекше қадірлісі. Бұл кешті ғибадатпен өткізген адамның сауабы да үстемеленіп, жақсылығы да еселене түсетіндіктен, Қадір түнінің батпандаған берекесі мен ерекшелігін тізіп шығудың өзі оңай емес. Бұл ретте Пайғамбарымыз …

Қасиеті мол, Қадір түні Read More »

АЗАМАТ ЖОЛЫ

Жастық шақ – адам өмірінің қызық пен қуанышқа толы тамаша кезеңі ғой. Мұқалмас жігер мен жалынды күш-қайраттың шыңы. Адамның адамдық бітім-болмысы да, кісілік келбеті де осы жастық дәуренде жасаған игі істерінен нәр алады, қалыптасады. Кешегі өткен бабаларымыз жырға қосқан “Пай-пай, жиырма бестің” ауылынан алыстаған сайын өмірлері өнегемен өрілген, айналасына үлгі, отбасына сыйлы, барын халыққа сарқып …

АЗАМАТ ЖОЛЫ Read More »

ЖАСЫРЫН ТЕКСЕРІС ЖҮРГІЗІЛЕДІ

“Нұр Отан” партиясы облыстық филиалы жанындағы “Азаматтық бақылау” қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын қайта жандандырды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті “СҚО жастар мәслихаты” жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесе өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Гуманитарлық білімнің рөлі артпақ

“Нұр Отан” партиясы “Болашақ” филиалының ұйымдастыруымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Білімнің салтанат құруы – жастардың қоғамдық санасын жаңғыртудың факторы” тақырыбында “дөңгелек үстел” өтті. Оның жұмысына мұғалімдер мен университеттің профессорлық-педагогикалық құрамы, студенттер қатысты.

ӘЛЕМГЕ САЯХАТ ЖАСАП ҚАЙТҚАНДАЙ БОЛДЫҚ

Әлем назарын өзіне аударған Астанадағы “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесін “Солтүстік Қазақстан” облыстық газетінің ұжымы да тамашалап, тамсанып қайтты. Таң ағара жолға шығып, еліміздің жүрегі – елордадағы ғажайыпты күн екінтіге еңкейгенге дейін араладық. Жол алыс болғандықтан, еріксіз ерте қайтуға тура келді, әйтпегенде жаһан ғылымының озық жетістіктері паш етілген, жер жүзін мекен еткен жүзден астам елдің …

ӘЛЕМГЕ САЯХАТ ЖАСАП ҚАЙТҚАНДАЙ БОЛДЫҚ Read More »

КҮЙ КҮМБІРЛЕП, ӘН ӘУЕЛЕДІ

Ғасырлар жауһары болып табылатын ұлттық өнер туындыларын жандандыруды көздеген игі бастаманың бірі – облыс орталығында өткізіліп жатқан аудандардың мәдениет күндері. Шара “ЭКСПО – 2017” көрмесіне арналып, еліміздегі тарихи оқиғаға әр аудан өнерпаздары өнермен өрнектеп, шашу шашуда. “Ел іші – өнер кеніші” дегендей, бұған дейін облысымыздың үш ауданы көрермендерді зор қуанышқа бөлеген болатын. Өткен жұма Жастар …

КҮЙ КҮМБІРЛЕП, ӘН ӘУЕЛЕДІ Read More »

ҚАУІПСІЗДІК — СЕНІМДІ ҚОЛДА

Ұлттық ұлан Әскери институтында түлектерге диплом табыстау салтанаты өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев қатысты. Еліміздің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ететін офицерлер даярлайтын өңіріміздегі жалғыз оқу орны 20 жылда 3 мыңнан астам маман шығарған.

ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА МҮДДЕЛІ

  Кеше облыс әкімі Құмар Ақсақалов облысымызға жұмыс сапарымен келген австралиялық “Iluka Еxploration Kazakhstan” компаниясының атқарушы директоры Энтони Торнтон бастаған делегацияны қабылдап, өңірге инвестиция тарту мүмкіндіктерін қарастырды.