«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.06.2017

Жарайсың, Нұргүл!

Кеше ғана тұлымшағы желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздардың бүгінде ойы толып, бойы өсіп ержетті. Тайынша ауданындағы №2 Чкалов орта мектебінен жаңа өмірге қадам басқалы тұрған жас түлектер алғашқы сынақтарынан сүрінбей өтіп, орта білім туралы құжаттарын алды.

ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫҢ КЕЛЕ МЕ?

Орта мектепті бітіріп, үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған әрбір жеткіншектің алдында сан тарау жол тұр. Ата-анасының алдында еркелеп, балалықтың бал дәуренін армансыз аралаған бозбала мен бойжеткен өзінің қалай ержетіп қалғанын да байқамапты. Ата-анасы да күні кеше ғана ойнақтап жүрген оқушы баласының ертеңін енді ойлай бастаған сияқты. Тәуелсіз елде тұрып, мамыражай тұрмыс кешіп жатқан бауырларымыз өз …

ЖУРНАЛИСТ БОЛҒЫҢ КЕЛЕ МЕ? Read More »

СӘКЕН ҚҰРҒАН ҚАРАҒАШ

– “Елмен көрген ұлы той” демекші, кешегі кәрі-жасты, шиеттей бала-шағаға дейін қынадай қырған ашаршылық жылдарды, одан қалды кейінгі ұжымдастыру науқанын да, ел басына алапат болып тиген, аждаһадай аранын ашқан қантөгіс соғысты, тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі солақай саясатты, бертінгі тоқырау кезеңін, бәр-бәрін ағайын жұртпен бірге көріп, мойнымызға түскен атан жүкті иық тірестіре көтере білдік. …

СӘКЕН ҚҰРҒАН ҚАРАҒАШ Read More »

ТЕМІРДЕЙ ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ӘУЛЕТ

“Ұяда не көрсең, ұшқанда со­ны ілерсің” демекші, әр адамның арман-мақ­саты өз отбасында қалып­тасады. Әкеге қарап, өзінің өмірлік жолын айқындап, ата дәстүрін жалғаған ізбасарларды көптеп кезіктіруге бо­лады. Бір шаңы­рақтың өрелі ісін жалғап, ішкі іс­тер органдарында бүгінде үшінші буыны абыройлы қызмет атқарып келе жатқан Шайкөзовтер әулеті тек сырлас, мүдделес жандар ғана емес, сондай-ақ, қызметтік мәселелерді бірге шешіп, …

ТЕМІРДЕЙ ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ӘУЛЕТ Read More »

ЕРІК — “ПОЛИЦИЯ БАРЫСЫ”

Қазақстан полициясына 25 жылдығына орай Петропавлдағы Спорт сарайында тәртіп сақшылары арасында қазақ күресінен “Полиция барысы” облыстық жарысы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі додаға облыстың құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарынан жасақталған 17 команда қатысып, 32 балуан бақтарын сынады.

СӘЙГҮЛІК ТІЗГІНДЕГЕН САҚШЫЛАР

“Темір тұлпар” мінген тәртіп сақшыларын көшеде жиі кездестіреміз. Бірақ нағыз сәйгүлікті тізгіндеген полиция қызметкерлерінің жұмысы жайлы көпшілігіміз біле бермейміз. Көлік өте алмайтын жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қызметтік аттарды пайдаланатын атты жасақтың жұмысымен жақынырақ танысу үшін облыстық ішкі істер департаментінің кавалериялық бөлімшесіне арнайы бардық.

МҰРАЖАЙ АШЫЛЫП, ЕСКЕРТКІШ ОРНАТЫЛДЫ

Қазақстан полициясының 25-жылдығына орай Петропавл ішкі істер басқармасының ғимараты жанында қызмет бабында қаза болған полицейлерге арналған ескерткіш орнатылып, 25 шырша отырғызылды. 

ТЫНЫШТЫҚ ҚАЛҚАНЫ

Қазақстан полициясы іргесі қаланған ширек ғасырдың ішінде күрделі кезеңді, сан сынақты, даму мен жаңғыруды басынан өткерді. Сын тезінен сүрінбей өткен бұл құрылым бүгінде заман талабы, уақыт сұранысына толық жауап беретін бірден-бір қуатты органға айналды. Осындай даму мен қалыптасу жолынан өткен өңірдегі тәртіп сақшыларының қызметі, тыныс-тіршілігі жайлы облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловпен …

ТЫНЫШТЫҚ ҚАЛҚАНЫ Read More »

Сүйемін (Мағжанша)

Тұяқ тірер тұрағым, Жұпар иісті жұмағым, Сәл көрмесе сағынар. Ақылды әрі ажарлы, Басқан жері базарлы Сөздерінен лағыл ал. Менің де асыл анам бар, Неге екенін білмеймін – Сол Анамды сүйемін!

Сені іздеуде

Сені іздеуде Алматы өр аймағы, Жырға қостың тебіреніп көл – айнаны. Сағыныштан шаштарын жайып тастап, Сені іздеуде Қызылжар тоғайлары.

Абдолла қарттың әңгімесі

(Жоғалған қойын дәптер) Ақын еді, арлы еді, “Алаш!” – деді әр демі. Мыңға қарсы тұрам деп, Таусылған-ды дәрмені. Кербез еді, өр еді, Жыры шуақ себеді. Сары аязда Сібірде, Жан жылытты өлеңі.

Жалғыз

“Ақында адамзаттан дос болмайды”. Мағжан. Өлең бе? Өлең осы өр тұлғалы, Шер тұнған шертерімнің шертілді әні. Қалайсың, Қызылжардың қайыңдары – Есілдің ерке сылқым толқындары?!

Дала дауылы

«Барады үдеп бұл боран…». Мағжан. Мен – Мағжанның мөрімін, Мәрт көңілдің төрімін. Түрік тегім тектесем – Алтай, Тұран төлімін. Алаш зарын толғасам, Айға ұлыған бөрімін. Қызыл қанға құныққан Қорқаулардан жерідім. Құлы болсам деп едім Ұлы Қазақ Елінің!

Жұмбақ жаратылыс

“Сұм өмір абақты ғой саналыға…” Сонда бір кеудесінде қамалып ән, Сол сөзді айтқан екен Мағжан ақын, Сергімей Сарыарқаның самалына, Қан тамып қызыл гүлдің сабағынан…

МӘҢГІ СӨНБЕЙТІН ЖҰЛДЫЗ

Жиырмасыншы ғасырдың бастапқы кезеңінде Ұлы далада жасындай жарқ етіп жанған, кешегі солақай саясаттан жазықсыз жапа шеккен Алаш жұртының аяулы да ардақты азаматы Мағжан Жұмабаевтың есімі күллі түркі әлеміне мәлім. Өмірі қыл үстінде тұрса да, артына сан ғасыр бойы ұмытылмайтын мұра қалдырған ақынның шығармашылығы соңғы жылдары кең көлемде, егжей-тегжейлі зерттеле бастады. Өзінің інжу-маржан өлеңдерімен өнегелі із …

МӘҢГІ СӨНБЕЙТІН ЖҰЛДЫЗ Read More »

ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласында: “Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады”, – деп атап көрсетіп, “Туған жер” бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын. Елбасының бұл ұсынысын солтүстікқазақстандық педагогтер де бірден қолдап, мектеп оқушылары үшін жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге бағытталған “Туған жер” этнографиялық …

ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЭКСПЕДИЦИЯ Read More »

Сұранысқа ие өнім

Ақжар ауданында жеке кәсібін ашып, несібесін тауып жүргендер аз емес. Солардың қатарына жақында Әсет Смағұлов қосылды. Газоблок кірпішін шығару цехын ашпас бұрын Әсет Қалиақбарұлы Көкшетау қаласында еңбек етіп, осы бағытта тәжірибе жинап қайтқан болатын. Одан кейін қасына үш адамды алып, Талшық ауылында шағын цех ашты.