«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 11.07.2017

Бала қауіпсіздігі басты назарда

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі мен Петропавл қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың мамандары “Достық” балалар сауықтыру лагерінде болды.

ҚЫЛМЫС ҮСТІНДЕ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Өңірімізде заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған солтүстікқазақстандықтар ұсталды. Белгілі болғандай, облыстық ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлеріне өңірімізде мигранттарды Ресейге заңсыз өткізумен айналысатын топ жөнінде хабар түскен. Бұл ақпаратты тексеру барысында, шынында да, тұрақты түрде жұмыс істеп тұрған заңсыз көші-қон арнасы бар екендігі анықталады. Күдіктілер Ресей Федерациясына кіруге тыйым салынған алты Өзбекстан азаматын жөнелту …

ҚЫЛМЫС ҮСТІНДЕ ҚҰРЫҚТАЛДЫ Read More »

Өзекті тақырып

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған кешенді жоспарды жүзеге асыру барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті “Жол патрульдік полициясы мен жол қозғалысына қатысушының тікелей байланыс жасауын азайтудың өзекті аспектілері: мәселелері мен оны шешудің жолдары” тақырыбында кездесу ұйымдастырды.

“Жасылелдіктер” жарап тұр

Әр күнін тиімді өткізуге тырысатын бүгінгі буынның қалауын игі жұмысқа бағыттау “Жасыл ел” бағдарламасының арқасында мүмкін болғандай. Бағдарлама жүзеге асқан уақыттан бері “жасыл елдік” атанған студент көп. Үстіміздегі жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген қаржы екі есеге көбейсе, жұмыс істеуге құлшынған жастардың да саны артқан. Биыл өңіріміз бойынша 665 студент “Жасыл ел” сарбазы атанып, дені …

“Жасылелдіктер” жарап тұр Read More »

ӘЛЕМ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ұжымы елорданың туған күніне орай “Сүйікті Астана, өзіңе арналады!” деп аталатын ерекше сыйлығын ұсынды. Олар Петропавл қаласының орталық алаңында флешмоб өткізіп, спорттық аталым бойынша Гиннестің рекордын жаңартты.

Балғабек МЫРЗАЕВ: «КИІМНІҢ ТҮСІ, АДАМНЫҢ ІСІ ҚОҒАМНЫҢ ҮРЕЙІН ТУҒЫЗБАУЫ ТИІС»

Еліміз өзінің бағыт-бағдарын барша азаматтың сенім, ар-ұждан бостандығына кепілдік берілген зайырлылық сипатта айқындады. Осыған сәйкес кез келген діннің ішкі мәселелері қоғамның тұтастығына сызат түсіріп, араздыққа апармауы қажет. Исламтанушы, теология ғылымының докторы Балғабек Мырзаев бүгінгі қоғамда мұсылмандық негізге сай қыздардың киім үлгісіне қатысты діни әрі заңнамалық тұрғыдағы тұшымды ой-пікірлер айтты.

Секталардан сақтану жолдары

“Діни мәселелерді зерттеу орталығы қауымдастығы” заңды тұлғалар бірлестігінің маманы, экстремизмге қарсы “KAZAKHstan for peace” жастар қозғалысының спикері Әзиза Жұмағалиева мен облыстық конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығының бөлім басшысы Думан Еспенбетов қоғамдық қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарының діни мәселелерге қатысты сұрақтарына жауап берді.

МЕЙІРІМ ШУАҒЫ

Борис Гончаров осыдан отыз жыл бұрын тағдырдың тәлкегімен басынан кешірген ауыр азапты жолдарды, әрлі-берлі сергелдең кезеңдерді есіне түсірсе, денесі мұздап, тұла бойынан суық тер саулап қоя бергендей күй кешеді. Осындай сәтте жүрек қалауымен “ақхалатты абзал жандар” теңеуіне ие мамандықты таңдап алғанына мың қайтара шүкірлік етіп, алдымен ата-ана, сосын науқастар алдындағы қарызы мен парызын әлі күнге …

МЕЙІРІМ ШУАҒЫ Read More »

ЕҢБЕК ЕТКЕННІҢ ЫРЫСЫ МОЛ

Бүгiнгi таңда елімізде жұмыссыздар санын азайтудың түрлi жолдары қарастырылуда. Елбасы да жұмыссыздар санының көбеюiнен коғамның әлсiрейтiнiн баса айтып, тиiстi органдарға нақты тапсырмалар берген болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Үкімет үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап “Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын” ұсынды. Еліміздегі тоғыз миллиондай экономикалық тұрғыдан белсенді адамның …

ЕҢБЕК ЕТКЕННІҢ ЫРЫСЫ МОЛ Read More »

Құлпыра түс, Қызылжар!

Облысымыздың орталығы – Петропавл қаласының іргесі қаланғанына биыл 265 жыл толды. Көне шаһар тұрғындары қала күнін ерекше салтанатпен атап өтті. Бұл күні табиғат тосын мінез танытса да, көпшіліктің көңілі жайма-шуақ болды. Таңғы 11-де орталық алаңға жиналған қауым қала күнін тойлауды мерекелік концертті тамашалаудан бастады. Жұртшылықтың назарына облысымыздың өнер ұжымдарының қатысуымен Петропавл қаласының тарихынан сыр шертетін …

Құлпыра түс, Қызылжар! Read More »

НҰР ЖАУҒАН КҮН

Бұл күні таңның атысынан себелеп жауған жаңбыр бір толастамады. Бұлт торлаған аспаннан еш жылылық сезілмейді. Түнерген аспанға қарап, еңсем түсіңкіреп, орталық алаңға бет алдым. Қол шатырларын ұстап Астана күнін тойлау үшін мерекелік алаңға асыққандардың қарасы қалыңдай түскенін көріп, көңілім көтеріліп сала берді.

ҚЫТАЙМЕН ӘРІПТЕСТІК НЫҒАЯДЫ

Астанадағы “ЭКСПО – 2017” көрмесіндегі Қытай Халық республикасы павильонында Шаньси провинциясының ресми аймағы ашылды. Салтанатты шараға Солтүстік Қазақстан облысының өкілдері қатысты.

МЕРЕЙТОЙ ИЕСІНЕ — ҚҰРМЕТ

Кеше облыстық әкімдікте жерлесіміз, еңбек ардагері, әр жылдары өңірімізде лауазымды қызметтер атқарған облысымыздың құрметті азаматы Иван Чиркалинге 70 жасқа толуына байланысты құрмет көрсетілді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов есімі солтүстікқазақстандықтарға жақсы таныс азаматты туған күнімен құттықтап, оның облыс пен қаланың дамуына, өркендеуіне сіңірген еңбегіне тоқталды.

АСТАНАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕ

Бас шаһарда еліміздің барлық өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін өткізу, сол арқылы отандық өнімдердің сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үрдісі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Арнайы жасалған кестеге сәйкес өңірлердің өкілдері биыл да астаналықтарды өздерінің базар бағаларына қарағанда арзан әрі сапалы өнімдерімен қуантуда.

ЕЛ АБЫРОЙЫН АСЫРҒАН КӨРМЕ

Ел жүрегі – елорда күнін облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен бір жарым мыңдай солтүстікқазақстандық Астанадағы “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесінде қарсы алды. Теріскейлік делегация бас шаһарға елорда әкімдігінің шақыруы бойынша барған болатын.

ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ ЖАҚСАРУЫ ТИІС

Шағын және орта бизнесті қолдау, тасжолдар бойындағы қызмет көрсету сапасын жетілдірудегі өзекті мәселелер облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте қаралды. Бизнесті қолдау мақсатында мемлекет жетпістен астам бағдарлама қабылдаған. Демеуқаржылар мен жеңілдетілген несиелер, кепілдік беру сияқты қолдаулар көрсетіліп, жаңадан кәсіп құрып, жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасалуда.