«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 14.09.2017

КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Іргетасы осыдан 32 жыл бұрын қаланған Кардиологиялық орталық жуырда күрделі жөндеуден өтіп, жаңа кейіпке еніп, науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік алды. Бұған аурухана ұжымы да, емделушілер де дән риза.

ШЫҒАРМА АРҚАУЫ — ШЫНАЙЫЛЫҚ

Жуырда Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының труппасы Беларусь Республикасында өткен халықаралық “Белая Вежа” фестиваліне қатысып, әртістердің сахналық шеберлігі жағынан еуропалықтардан еш кем еместігін дәлелдеп қайтты. Біз театрдың директоры Спартак Рамазановқа жолығып, осы сапармен қоса қазақ драматургтерімен арада орныққан шығармашылық байланыс жайлы да айтып беруін өтінген едік.

АЙДАРДЫҢ АЙШЫҚТЫ АСУЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Тайваньнің Тайбэй қаласында студенттер арасында өткен XXIX жазғы Универсиада жеңімпазы, солтүстікқазақстандық ауыр атлет Айдар Қазовты қабылдады.

ЕГІЗДЕР — ЕРЕКШЕ АДАМДАР

Біз осы егіздер жайлы не білеміз? Олар бір кіндіктен нәр алып, бір құрсақта жатқанымен өмірдегі жолдары біркелкі бола бермейді. Әдетте біреуі ширақ, екіншісі сәл әлсіздеу өсетіні бар. Уызға қанбаған ғой дерсіз. Бірақ кейбірі күш-қуат жағынан анасының қос анарын ешкіммен бөліспей жалғыз өзі емгендерден де асып түсетінін немен түсіндіреміз? Қазақтың күрзі жұдырықты боксшыларының, жай боксшы емес-ау …

ЕГІЗДЕР — ЕРЕКШЕ АДАМДАР Read More »

“ҚЫЗҚАРАҒАЙ”

Соңғы кезге дейін арагідік республикалық радиодан КСРО халық әртісі, бұлбұл үнді Бибігүл Төлегенованың орындауында “Қызқарағай” әнін естиміз. Белгілі әншінің сыңғырлап шыққан үніне елти отырып, сүйсіне тыңдаймыз, бейне тамылжыған табиғат аясына еніп кеткендей ерекше бір күйде боламыз:

ӘКЕ ЖОЛЫН ҚУҒАН

“Арт Строй” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ануар Валишин өңірімізде құрылыс саласын дамытуға еңбегі сіңген, есімі әлі күнге дейін құрметпен аталатын адам ретінде танымал. “Атадан ұл тумай ма, ата жолын қумай ма?” демекші, оның ұлы Ильгам болса, ұлағатты әкенің тәрбиесін көріп, іскер азамат болып қалыптасты.

ТЕРІСКЕЙЛІКТЕР ҚОЛДАП ОТЫР

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру – заман талабы. Әлемде кең қолданылатын бұл таңбалар тіліміздің тынысын кеңейтіп, ғылым мен инновацияны игеруде көмек болмақ. Латыншаға көшу ел дамуының басты бағдары – “Қазақстан – 2050” Стратегиясында негізгі міндеттердің бірі ретінде айтылып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында жүзеге асырудың нақты жолдары мен мерзімі көрсетілген. Қазақстандық ғалымдар …

ТЕРІСКЕЙЛІКТЕР ҚОЛДАП ОТЫР Read More »

УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Тілдің дамуы қай кезде де қоғамның назарынан тыс қалған емес. Олай болса, біз жаңалық ашып отырған жоқпыз. Латын әліпбиіне көшу – бұл уақыт талабы, әлемнің көптеген елдерінің таңдауы.

ӨНЕРТАПҚЫШТЫҢ ҰСЫНЫСЫ

“Нұр Отан” партиясының басқа саяси ұйымдардан ерекшелігі – азаматтар үшін қоғамдық қабылдаулардың болуында. Онда азаматтар өздерін толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салып, тиісті билік органдары өкілдерінен заң аясында кеңес алып, оны шешудің жолдарын қарастырады. Шырмауы көп шырғалаң өмірде болып жатқан түйінді мәселелер де осы жерде талқыланып жатады. Бұрнағы күні “Нұр Отан” партиясы облыстық филиалының төрағасы, өңір …

ӨНЕРТАПҚЫШТЫҢ ҰСЫНЫСЫ Read More »

ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ҮНДЕУ

Құрметті солтүстікқазақстандықтар! Қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы қарсаңында және “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында біздің мемлекетіміздің жарқын болашағын құруға атсалысқан, сол жолда аянбай еңбек еткен қарияларымызға құрмет көрсетіп, қалыптасқан дәстүр бойынша қарттар мен мүгедектерге материалдық жағынан көмектесуге арналған қайырымдылық шараларына белсене қатысуға шақырамыз.

ҚЫЗЫЛЖАР ҚҰЛПЫРЫП КЕЛЕДІ

Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен қала құрылысы кеңесінде Петропавлдың сәулеттік келбеті мен шаһарды абаттандыру мәселесі қаралды. Биыл бұл жұмыстарға өткен жылмен салыстырғанда қаржы үш есе көп бөлінген.

КҮЗГІ ШАҚЫРУ

Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Қазір Қызылжар өңірінде әскер жасындағы жігіттер медициналық тексерістен өткізіліп жатыр.

ПЕТРОПАВЛДА МОНША ӨРТЕНДІ

Кеше түс кезінде Петропавлдың Ойқала шағынауданындағы бір аулада моншадан шыққан өрт өршіп кетіп, тұрғын үйге көп шығын келтірді.

АЙДАРДЫҢ АЙШЫҚТЫ АСУЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Тайваньнің Тайбэй қаласында студенттер арасында өткен XXIX жазғы Универсиада жеңімпазы, солтүстікқазақстандық ауыр атлет Айдар Қазовты қабылдады.