«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.10.2017

Айыппұл төлеп құтылмақ

Облыстық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бұрынғы басшысы Валерий Затайдың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы басталды.

КӨШПЕЛІ ЖИЫН

Облыс полицейлері Есіл ауданында өткен көшпелі жиында биылғы тоғыз айда атқарылған жұмыстарын қорытындылады.

Шеберлік сабағы

Кез келген қойылымның сәтті шығуы актердің шеберлігіне байланысты. Сондықтан сахна мамандары кәсіби тұрғыдан дамып отырулары қажет. Өңіріміздегі театр әртістеріне арналған үш күндік шеберлік сабағы өтті.

АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ

Қолыма қалам алысымен ойыма Ахмет Байтұрсыновтың “Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады” деген аталы сөзі орала кетті. Айтса айтқандай, ана тілімізді сақтау, сақтау ғана емес, ардақтау – азаматтық парыз. Тілің жоғалса, ұлттық рухың да жоғалады, яғни Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, біз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді, тарихи танымымызды, рухани мәдениетімізді барынша терең дамыта отырып, барлық салада …

АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗЫМЫЗ Read More »

СЕНІМ ЖҮГІН АРҚАЛАҒАН

Ақын Мағжан Жұмабаев “Мен жастарға сенемін!” деп арлы, парасатты, елін, жерін сүйер рухты жастарға зор үміт артып, елдің келешегі жастар десе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Біздің жеңісті жолымыз бен жасампаз дәстүрімізді сендер лайықты жалғастыруға тиіссіңдер!” – деп жас ұрпаққа жауапкершілік жүгін сеніп тапсырып отыр. Бұл жай ғана ұранды сөздер емес, себебі, күн сайын үлкен қарқынмен өзгеріп …

СЕНІМ ЖҮГІН АРҚАЛАҒАН Read More »

Бүгінгі ауыл бұрынғыдан өзгеше

Мәңгүртке   Ана тілді сен игере алмадың – Орысшаға ауып кеткен талғамың. Әкең – қазақ, шешең – қазақ бейшара, Олар тістеп өткен болар бармағын?!

Телефонның көмегімен тексерістен өтіңіз

2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу және әйелдердің денсаулығын сақтау бойынша онкүндік басталды.

Аға ұрпақ ізімен

Құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы қызметінің №1 өрт бөлімінде салтанатты шара өтті.

ҚАРТТАРЫМ, АМАН- САУМЫСЫҢ?

Қарттар күні аясында аға буын өкілдері мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау көрсету ауданымызда дәстүрлі іс-шаралардың біріне айналып отыр. Сарқылмас ақыл-парасат пен таусылмас мол өнеге-өсиеттің шырағы – ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздың әрқайсысы құрметке лайық.

ӘР КҮНІ — НАР ТӘУЕКЕЛ

Редакциямыздың демалыс бөлмесіндегі терезелерді көзімен бір шолып өткен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің өрт сөндiру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі кәсіби дайындық мектебінің бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Серік Битанов гүлді тек бөлмеде ғана емес, жұмыс, демалыс орындарында да өсіру керектігін айтты. Ойдың жүйрігін-ай. Сол сәтте-ақ “Гүл өсіргенді жақсы көреді екен ғой”, – деген ой жылт ете …

ӘР КҮНІ — НАР ТӘУЕКЕЛ Read More »

Көңіл-күйдің көрінісі

Әйел заты үшін сұлулық қашан да маңызды. Ал сымбатты болудың сыры күтімде. Материалдық және психологиялық жағдайларға, жас пен дәрежеге қарамастан, кез келген қыз-келіншек алдымен осыны есте ұстауы керек. Күтім дегеніміз – сырт келбет, дене бітімінің және жан дүниенің әдемілігі.

Бақыт гормоны

Дәрігерлердің зерттеулеріне сүйенер болсақ, әйел адам ер-азаматтарға қарағанда көзіне төрт есе көп жас алады екен. Бұл олардың ағзасында “бақыт” гормоны – сератиннің көптігінен.

Үлкенге — құрмет

Қазақта үлкен адам келе жатқанында алдын кесіп өтпейді, оған жол береді, үйге кіргенінде орнынан тұрып төрге отырғызады. Аң аулағанда да жасы үлкен адам бірінші болып оқ шығарады, олжаның алғашқысын иемденеді. Алыстан келген қонаққа да, қызметі мен шені үлкен адамдарға да әр істе жол береді. Мұның бәрі қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрыптарындағы этикалық жоралғы болып саналады.

ЕРІККЕННІҢ ЕРМЕГІ

Мен қалаға екі жыл бұрын көшіп келдім. Ауыл өмірінен кейін мұндағы қарбаласқа үйреніп кету алғашында қиынға соқты. Қазір оған да көндігіп алдым. Келін балаға бір көмегім тисін деген мақсатпен немеремді таңертең балабақшаға апарып, кешкісін алып кетіп отырамын.

Төріміздің сәні еді ғой

Қарттар үйі, жетімдер интернаты деген ұғымдар қазақ қоғамы үшін бұрынғы кезде жат болатын. Қазір заман басқаша. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған қоғамның өмірге деген көзқарасы өзгеріп кеткен. Қатыгез қыз, безбүйрек балалардың кесірінен қарттар үйлерін мекендеген ата-әжелер қатары қалыңдай түсуде. Бұл қалай болғанда да, жүректі ауыртатын ақиқат.

Қайдасыңдар, достарым!

Өңірімізде тың және тыңайған жерлерді игеру басталғанда сұра-пыл соғыстан тұралап қалған ел-дің тұрмысы әлі түзеле қоймаған еді. 1954-1955 жылдары алынған тыңның алғашқы астық өнімдері-нің молшылығы мен тоқшылығы-ның шамасын елдегілер бірден сезінді. Бұл ырыстың бастауы еді. Шал ақын ауданындағы Алқаағаш ауылында осы екі жылдың ішінде өмірге келген балалардың саны-ның өзі жиырма сегізге жетіп жы-ғылған. Мұндай демографиялық …

Қайдасыңдар, достарым! Read More »

Сарқыттың сарқыншағы

Қазақта ежелден келе жатқан салттардың бірі – сарқыт. Ол дегеніміз, тойдан, түрлі мейрамдардан ырымдап кәмпит, құрт сияқты тәттілерден алып, үйдегі келін-балаға ауыз тигізу.

ҚОНЫСТОЙ ҚУАНЫШЫ

Елімізде ана мен баланы қолдау үшін барлық жағдай жасалуда. Ұрпақ сабақтастығын жалғап, бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен асыл жандарға көрсетіліп отырған құрмет-қошеметтерді естіп қана қоймай, оның тікелей куәгері болған кезде қуанышың еселене түседі.

Шаңырағың шайқалмасын

Адам баласы өсіп-өркендейтін алтын ұя ол – отбасы. Ошақ қасында бақ пен береке, тыныштық болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

ЕҢБЕК МҰРАТҚА ЖЕТКІЗЕДІ

“Мерейлі отбасы” ұлттық байқауы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған игі шаралардың бірі. Аз ғана уақыттың ішінде көптің көңілінен шығып, қазіргі қоғамға қажеттілігі жоғары шараның мақсаты – отбасы институтын нығайта түсу. Сонымен қатар байқау Отанға деген сүйіспеншілік пен адамгершілік қасиеттерді баршаның игілігіне айналдыруға жол ашады.