БАР ЖАМАНДЫҚТЫҢ БАСЫ
“Новомихайловка – Бостандық” автожолының бойында жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қаза тапты.
“Новомихайловка – Бостандық” автожолының бойында жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қаза тапты.
Өрт – әдетте материалдық шығынмен және психологиялық күйзеліспен аяқталады. Егер қауіпсіздік ережесі сақталса, онда осының бәрінің алдын алуға болады.
Халқымыз төрт түлік өсіруді атакәсіптің бірегейіне балаған. Тіршіліктің нәрі, көзі деп ұққан. Өкініштісі сол, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дамып келе жатқан мал шаруашылығы саласындағы осы бір дәстүріміз қайраңдап қалған қайықты көз алдымызға елестетеді. Статистика комитетінің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, 2012 жылы елімізде ірі қара саны 5702,4 мың бас болса, кейінгі бес жылда бар болғаны 5448 мың басқа ғана …
Бүгінде қазақстандықтардың өмірінің бір бөлшегіне айналған сандық технология құқық қорғау саласына да енгізіле бастады. Құқық қорғау органдары ІТ-технологияның көмегімен қылмыстық процесті жетілдіру, әкімшілік құқық нормаларын азаматтарға ыңғайлы және ашық етіп жүзеге асыруға мүмкіндік беретін механизмдерді жаңғыртуды қолға алуда.
Жоғары оқу орындарында жастарға мемлекеттік тілде сапалы техникалық білім беретін мамандар санаулы. Солардың бірі – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің көлік және машина жасау кафедрасының аға оқытушысы Серік Әбілмәжінов. Қарағанды политехникалық институтының түлегі біраз уақыт өндірісте тәжірибе жинақтағанымен, 1996 жылы білім саласына ауысып, содан бері техник мамандарды даярлап, түрлі оқу-әдістемелік құралдарды жарыққа шығарды.
Жамбыл ауданының Благовещенка ауылындағы “Династия Агро” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңғыртудан өткен зығыр майын өндіретін цехы “Даму” қорының қолдауымен өткен жылы ашылған болатын. Бұл өнім табиғи жағынан өте таза саналады. Сондықтан ол бүгінде өңіріміздің тұрғындары үшін ғана емес, көршілес мемлекеттер – Қытай мен Ресейдің бірқатар қалаларының сұранысына ие болып отыр.
Петропавлдағы Спорт сарайында түнгі хоккей лигасы басталды. Өңірімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл спорттық шараға мемлекеттік қызметшілерден, кәсіпкерлерден және кәсіпорындардың қызметкерлерінен жасақталған сегіз әуесқой команда қатысуда.
Петропавлда жүргізіліп жатқан арнайы шараның алғашқы күнінде тәртіп сақшылары облыс орталығындағы құрылыс нысандарының бірінен 13 азербайжан азаматын тауып алды.
Түркілердің қарашаңырағы, талай тарихи тұлғалардың мәңгілік мекеніне айналған, түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы атанған қасиетті Түркістанда, “Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой. Тамаша Түркістандай жерде туған Түріктің Тәңірі берген несібі ғой!” – деп жырлаған қазақтың біртуар ақыны Мағжанның есімі де ардақты. Соның бір әдемі көрінісі – осындағы іргелі …
ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ — ТҮРКІСТАНДА қазақтың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевқа ескерткіш ашылды Read More »