ӨҢІР БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ
Петропавл қаласындағы “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде баскетболдан облыс біріншілігі басталды.
Петропавл қаласындағы “Барыс” балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде баскетболдан облыс біріншілігі басталды.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында жас дизайнерлердің байқауы өтті. Конкурсқа Қызылжар, Есіл, Шал ақын, Тайынша, Ақжар және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандар мен Петропавл қаласының білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.
“Қазақ саңыраулар қоғамы” сексен жылдық мерейтойын атап өтуде. Қалалық Мәдениет үйінде өткен шарада қоғамның белсенді мүшелеріне сый-сияпат жасалды.
Күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан “Жас өркен” шағынауданындағы көпірдің сол жақ бөлігі бейсенбі күні ашылып, автокөліктер жүре бастады.
Менің балалық шағым қазіргі Жамбыл ауданындағы Орталық ауылында өтті. Молалы және Суаткөл деп аталатын екі көлдің ортасына орналасқан елді мекеннің негізі өткен ғасырдың отызыншы жылдары қаланған. Мен 1938 жылы туыппын. Шымнан салынған, төбесі аласа үйдің сәкісіне теректен сырғауыл жонылып, қасқалап төселетінді. Үйдің іші жұпыны, ашқұрсақ жүрсек те, әке-шешеңнің, ата-әжеңнің қасында өткен күндерді ұмыту мүмкін бе?! …
Нейрохирургия – медицинадағы ең күрделі саланың бірі. Кеңестік кезеңде кенже қалған ол тәуелсіздікке қол жеткізген тұста ғана дами бастады. 2008 жылы Астана қаласында ұлттық нейрохирургия орталығының ашылуы осы саланы жаңа деңгейге көтерді. Бүгінде заманауи орталықта озық медициналық технологиялардың негізінде жоғары сапалы медициналық көмек көрсетіледі. Орталық дәрігерлері өз біліктіліктерін өңірлік дәрігерлермен де бөлісіп, жиі тәжірибе алмасып …
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы – әдеп кеңесінің төрағасы Ғалым Тұрсынбаев мекеменің өткен тоғыз айда атқарған жұмысын қорытындылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласы жарияланғаннан бері еліміздің әр өңіріндегі тарихи және қасиетті жерлер қайтадан нақтыланып, тарихи оқиғалар мен тұлғаларға қатысты деректер жаңғыртылып жатыр. Негізі біздер тарихи тұлғалар деп өзімізге дейінгі замандарда ғұмыр кешкен батырларды, мемлекет және қоғам қайраткерлерін, ақындар мен жырауларды, билер мен шешендерді, көрегендігімен көш бастаған көсемдерді айтамыз.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің жергілікті филиалында өткен кезекті баспасөз мәслихатында мемлекеттік қызметті жетілдіру мәселесі сөз болды.
Алты ай қыста от жағып, үй жылыту үшін облыс халқына 410,8 мың тонна көмір қажет. Қазір бұл қажеттіліктің 335 мың тоннасы жеткізіліп, тұрғындар қысқы отынмен 82 пайызға қамтылып отыр.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлығы – Қазақ елі үшін тарихта қалатын оқиға. Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада өткен “дөңгелек үстелге” қатысқан тіл жанашырлары, зиялы қауым өкілдері мен жастар бұл шешімнің маңыздылығына тоқталды.
Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев латын қарпіне негізделген қазақ əліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұрнағы күні Петропавл қаласындағы “Коммуналдық”, “Дария”, “Южный” базарларын және “Семейный” гипермаркетін аралап, күнделікті қолданылатын тауарлар мен азық-түлік өнімдерінің бағасымен танысты.
Бүгінгі күні тарихи шешімнің куәсі болып отырмыз. Қазақ жазуын латын əліпбиіне көшіру арқылы ғылым мен ақпарат, мəдениет салаларында үлкен жетістіктер орын алатынына сенімім мол. Халқымыздың алғырлығы, ғылым-білімге құштарлығы латын əліпбиін тезірек игеруге де септігін тигізеді деп ойлаймын.