АЛҒАНЫН ЕСЕЛЕП ҚАЙТАРАДЫ
Кеше Петропавл қалалық соты облыстық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бұрынғы басшысы Валерий Затайдың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.
Кеше Петропавл қалалық соты облыстық сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының бұрынғы басшысы Валерий Затайдың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша үкім шығарды.
Петропавлда қазан айының соңғы жексенбісі – Қазақстан боксының күніне арналған қалалық жарыс жалауын көтерді. Облыстық бокс федерациясының ұйымдастыруымен өткен жарысқа шаһардағы төрт спорт мектебі – “Жеңіс”, “Олимп”, бокс мектебі және облыстық мамандандырылған спорт-интернаттың тәрбиеленушілері қатысты.
Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры Көкшетауда өткен бірінші аймақаралық “Театр күзі” атты фестивальдан оралды.
Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясында Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі мен эстрадалық-симфониялық оркестрінің “Гармония” атты концерті өтті. Кеште халық әндері, қазақ композиторларының шығармаларымен бірге әлемдік опералар мен мюзиклдерден үзінділер орындалды. Сахнаның шымылдығы халық аспаптар оркестрінің орындауындағы Шарль Гуноның “Фауст” операсының үзіндісімен ашылса, “Назқоңыр” халық әнін шырқаған филармония солисі Ғалымжан Нұрпейісов керемет көңіл-күй толқынын жалғап …
Қазақтың белгілі сазгері, алдына қара салмаған ақиық ақыны, аспандағы аққуға үнін қосқан дүлдүл әншісі Үкілі Ыбырай Сандыбайұлын көрген, өз ауызынан әнін естіп, өміріне әбден қанық болған жерлесіміз, ақын Ғалым Малдыбаев бір естеліктерінде “Қалдырған” деген сөздің мағынасы барлық ән-жырымды кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырдым дегенді білдіреді”, – деген Ыбекеңнің бірауыз сөзін келтіреді.
Жолға шықсаң, үйге оралуға асығып тұрасың. Мен де сондай жандардың бірімін. Осы жолы да Астана қаласындағы шаруаларымды діттеген соң автобусқа билет алып, жолға шығып кеттім. Аз ғана уақыттың ішінде жеңіл автобус жолаушыларды Көкшетауға жеткізді. Түсе сала Қызылжарға баратын көлік іздестірдім. Сәті түсіп, алдымыздан қазақ жігіті шығып, көлігінде әлі үш орын барын айтты. Қуанып кеттік. Көп …
Бүгінгі таңда кәсіппен айналысамын деген ниеті бар адамдар үшін мемлекет барлық жағдайды жасауда. Осындай мүмкіндікті мүлт жібермей, талпынысының арқасында табыс тауып отырған еңбек адамдарының бірі – Қызылжар ауданындағы Шаховское ауылының тұрғыны Жанат Ғаббасов.
Қызылжар өңіріндегі қазақ ауылдары жайлы әңгіме қозғала қалса, Аққайың ауданындағы Дайындық ауылы ауызға бұрын ілігеді. Көп ауылдар үшін жол мәселесі әлі күнге дейін мұңға айналып отырғанын жасырып жатудың қажеті жоқ. Дайындық ауылының тұрғындары да қары кетсе, сазы шығатын жолдың азабын тартып келген екен.
Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта білім беру саласы көптеген реформаларды басынан өткерді. Болашақтың мектебі – бұл мәдениеттің, білім мен тәрбиенің ошағы, эстетикалық талғам мен интеллектуалдық дамуға, оқушының сана-сезімін жаңа деңгейге тез жеткізуге мүмкіндік жасайтын үздіксіз білім беру кешені. Іргесі жарты ғасырдай бұрын қаланған Көбенсай орта мектебін де осындай білім кешеніне жатқызуға болады.
Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің мұғалімдері әр оқушыны дара тұлға деп танып, олардың бойына оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиетті дарытуда.
Елімізде “Балаларды бірге қорғайық!” атты республикалық жоба бастау алған болатын. Мәні мен маңызы зор шараға тиісті органдар, білім беру мекемелері қолдау танытып отыр. Жалпы ұлттық қозғалыс өкілдерінің негізгі жұмысы кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс деңгейін төмендетуге, зорлық-зомбылыққа душар болған балаларды анықтап, оларға медициналық-психологиялық және құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған.
Жаңа мазмұнда білім беру бағдарламасының оқушы үлгерімін бағалау тәсілі көпшіліктің түсінбеушілігін туғызғаны анық. Осыған орай биылғы оқу жылының бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша шәкірттердің білімін бағалаудың жаңа тәсіліне мұғалімдердің, ата-аналар мен оқушылардың көзқарасын білген едік.
Оқыту сапасын көтеру – өркениетті заманның өзекті мәселесі. Білім сапасын арттыру мақсатында біздің мектеп 2016 жылдан бастап қазақстандық ғалым Ф.Вассерманның “Биоақпараттандыру және синергетика” білім беру технологиясын қабылдады. Ғалым ұсынған түрлі технологиялық карталар арқылы оқушылардың тақырыпты қабылдауы, есте сақтау қабілеті артады, ойлау, сөйлеу дағдысы қалыптасады, танымдық көзқарасы жетіледі.
“Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға” деп ұлы Абай айтып кеткен дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат қай заманда да өзектілігін жоғалтпақ емес. Ұстаздықты мамандық деу аздық етеді, ол – бойға қонған қасиет. Қолымызға қалам ұстатып, алғаш әріп танытқан адам, бала көңілімізде білім отын тұтатқан тұлға мәңгілік шәкірт жадында жаңғырып қала бермек.
Астана қаласында “Үздік педагог – 2017” республикалық байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз мұғалімдерді салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, оған Қазақстанның барлық өңірлерінен сайдың тасындай іріктелген ұстаздар қатысты. Қызылжар өңірінің абыройын арқалап барған Айнагүл Мырзахметова жоғары марапатқа ие болды.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің қызметшілері М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері арасында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде семинар-пікірталас өткізді.
Ірегедегі Макушино ауданында іссапармен болғанымызда ел-жұрты ұлықтап жүрген бір азаматпен танысқан едік. Абырой-беделі бір басына жетерлік оған жерлестері үлкен сенім білдіріп, Қорған облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы етіп сайлапты. Біздің Қайрат Ораловпен сұхбатымыз атақоныстан сыртқары тұрып жатқан ағайындарымыздың тыныс-тіршілігі, көңіл-күйі, шекаралық аймақтағы достыққа, бірлікке бағытталған іс-шаралар аясында өрбіген еді.
Елбасының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында латын графикасына көшу – заман талабы екені айтылған. Себебі, латын графикасы қазіргі замандағы жаңа технологияның, коммуникация, білім мен ғылымның құралына айналған.
Облыста шығып қалғандардың орнына өткен сайлау барысында аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттары таңдалды.
Кезінде Ахмет Байтұрсынов: “Ел – бүгіншіл, менікі – ертең үшін”, – деген болатын. Осы орайда, Елбасының “Қазақ тілін латын қарпі негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру” туралы Жарлығы – жарқын болашақ үшін жасалып отырған дұрыс қадам.