«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 02.11.2017

СЕБЕПСІЗ ҚЫМБАТТАТҚАНДАР ЖАЗАЛАНАДЫ

Елімізде қыркүйек айынан бастап жанар-жағармай тапшылығы орын алуда. Нәтижесінде сұйық отын бағасының шарықтауына әкеп соқты. Оған еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарында жыл сайынғы жоспарланған жөндеу жұмыстарының жүргізілуі және Ресейдегі жанар-жағармай бағасына деген тәуелділік әсерін тигізуде. Бензин тапшылығын сезініп отырғандардың қатарында біздің өңір де бар.

ӨТІНІШТЕР ОРЫНДАЛДЫ

“Нұр Отан” партиясы қалалық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмысы қорытындыланды. Бас партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кеңес Мұқышевтің айтуынша, жыл басынан бері түскен өтініштердің 41,3 пайызы шешіліпті. Өтініштердің дені – абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмысқа орналастыру және еңбекақы төлемеу мәселелеріне қатысты болған. Көтерілген мәселелерді шешуде мемлекеттік органдар белсенділік танытыпты.

ҚАТЫСУДЫҢ ӨЗІ — ЖЕҢІС

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жеңіл атлетикадан республикалық турнир биыл алғаш рет Солтүстік Қазақстан облысында өткізіліп отыр. Турнирдің ашылу салтанатында спортшыларды облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан оның орынбасары Мадияр Қожахмет құттықтап, сәттілік тіледі.

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР САЙЫСЫ

Бүгін кешке Петропавлдағы Погодин атындағы облыстық драма театрында  XIII Ұлттық Дельфий ойындары салтанатты түрде ашылады.