Қазақстанның кәсіби футбол лигасы үш өңірдің әкімдерін футбол саласы бойынша үздік деп таныды.
Үздіктердің бірі – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Кұмар Ақсақалов. Жергілікті футбол клубының жағдайына көңіл бөліп, «Қызылжар» командасының 9 жылға созылған ұзақ үзілістен кейін Премьер-лигаға оралуына өңір басшысының қосқан үлесін еліміздің футбол лигасы осылай бағалаған көрінеді.