«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДІНИ КІТАП ПАЙДА КӨЗІ ЕМЕС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Діни тақырыптағы әдебиеттерді таратуға заңмен шектеу қойылғанына қарамастан, кітап сатып, пайда тапқысы келетіндер кездеседі. Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік соты “OLX.KZ” сайты арқылы Інжіл кітабын сатпақ болған азаматқа қатысты істі қарады.

Белгілі болғандай, облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің интернетке мониторинг жүргізу барысында діни кітапты сату жөніндегі хабарландыруға көздері түседі. Петропавлдықты бұл қадамға материалдық қиындық итермелеген көрінеді. Сатылымға шығарылған Інжіл кітабының мазмұны еліміздің қолданыстағы заңына және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне кереғар келмейтіндігі анықталған. Десек те, заңнан аттауға болмайды. Сот шешімімен әлгі азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp