«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЛАҚЫ ТӨЛЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Бұл іс-шара қатысушылардың пікір алмасуы және әңгімелесу форматында ұйымдастырылды.

Агенттік төрағасы Қайрат Қожамжаров “100 нақты қадам” Ұлт жоспарының бірінші институционалдық реформасы “Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру” бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстың барысы, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмысы, алдағы кезеңдегі міндеттер туралы баяндады. Ведомство басшысы алдағы негізгі міндет еңбекақының жаңа жүйесін енгізу мәселесі болып табылатынын және ол оның жеке сектормен салыстырғанда бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етіп, орталық пен өңірлердегі қызметкерлерге жалақы төлеудегі үйлеспеушілікті жоятынын атап өтті.

Жалақы төлеудің жаңа жүйесі екі бөліктен тұрады. Біріншісі – тиянақталған, ол – факторлық-балдық межеге негізделген. Бұл әдістемеде жалақының мөлшері жұмыстың күрделілігі мен көлеміне, сипатына байланысты болады. Еңбекақының екінші бөлігі – бонустар. Ол жыл сайын үздік қызметкерлерге олардың қызметтерін бағалаудың қорытындысы бойынша төленеді. Келесі жылы Елбасының тапсырмасы бойынша бұл жүйенің апробациясы агенттік пен Астана қаласы әкімдігінің негізінде жүргізіледі. Келешекте қанатқақты апробация басқа да мемлекеттік органдарға таратылады.

Биылғы жыл мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатына жету бойынша сөзсіз нәтижелі болып табылады. Сонымен қатар іс-шара барысында агенттік басшысы Қоғамдық кеңес мүшелеріне қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру, меритократия қағидаттарын күшейту және іріктеу тәртібінің ашықтығы, алмасушылық пен ауылдардағы кадрлардың тапшылығы, мемлекеттік аппаратты оңтайландыру және өңірлерде штат санының әркелкі бөлінісі, кадрлардың ауыс-түйісі мәселелері бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібін жетілдіру шеңберінде, олардың ашықтығын қамтамасыз ететін іріктеу тетіктері енгізілді. Жыл басынан бері 5,5 мың адам мемлекеттік қызметтің бастапқы деңгейіне жұмысқа тұрды, бұл 2015 жылға қарағанда үш есе көп. Ауысу деңгейі 2 есеге төмендеді, бұл білікті кадрлардың кетуін азайтты.

Бәсекелестік негізінде қадамдық мансаптық өсу қағидасын енгізу нәтижесінде, жоғары тұрған бос орындардың 90 пайызынан астамын қатардағы қызметкерлер иеленді. Ауылдық жерлерде мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру үшін осы деңгейдегі қызметкерлерге қосымша әлеуметтік және құқықтық кепілдіктер енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.

Руслан ҒАББАСОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp