«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҮРЕГІМЕ НҰР ҚҰЙДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Телеарнамыз “Қызылжар” боп өзгерді,

Бұл хабарды естіді жұрт, көз көрді.

Ақсақалдар бата беріп игі іске,

Алда атқарар жұмыстар да сөз болды.

 

Кер заманның қаһарымен қағылған,

Өтті дәурен озбырлыққа бағынған.

Әр жүректе атой салған арман бар,

Қызылжардың өз атауын сағынған.

 

Шуақ шашқан мынау дарқан далама,

Қайтарылар көне есімі қалама.

Қасиетті Қызылжардай атауы,

Бала кезден сіңіп қалды санада.

 

Көңілдерге нұрлы істермен гүл егіп,

Қуанышқа ортақтасып жүрелік.

Бәрі-бәрі азаттықтың арқасы,

Мәңгілікке жалғасуын тіледік.

 

Ақиқат қой ақ таңымның атары,

Жат есімнің су түбіне батары.

Келер ұрпақ көрері хақ, көркейер,

Қызылжар мен бас қалалар қатары.

 

Телеарнамыз кеңейтсе енді арнасын,

Орта жолда бөгеліп тек қалмасын.

Ұлтымыздың асқақтатқан рухын,

Жақсылықты әрбір адам жалғасын.

 

Болат САҒЫНДЫҚОВ,

Солтүстік Қазақстан

облысының құрметті азаматы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp