«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖҰРТ БОЛЫП ЖҰМЫЛАЙЫҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қызылжар-Ақпарат” ЖШС-нің директоры – бас редакторы Жарасбай Сүлейменовке:

– Өңіріміздің айнасы болып табылатын “Солтүстік Қазақстан” газеті – ғасырға жуық ғұмыры бар басылым. Оқырмандар қауымы асыға күтетін басылымда тың деректерге толы танымдық, тәлімдік мақалалар көптеп беріледі. Олардың барлығы үлкеннің де, кішінің де кәдесіне жарап жатқаны сөзсіз.

Газеттің 9 қараша күнгі санында жарияланған 2018 жылға баспасөзге жазылу науқанында ұлтжанды азаматтардың бірі – Мамлют ауданындағы “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігінің бас директоры Еркебұлан Мәмбетовтың Меңгесер және Бексейіт ауылдарының зейнеткерлері мен тұрмысы төмен елу тұрғынына “Солтүстік Қазақстан” газетін өз қаржысына жаздырып бергені туралы жағымды жаңалықты оқып, қуанып қалдым. Еркебұлан ініміздің ауыл шаруашылығындағы жақсы жетістіктерін, елге деген қамқорлығы мен көмегін көптен білеміз. Туған жеріне туын тіккен азамат енді тағы бір игі бастама көтеріп, көпке үлгі көрсетіпті. Қолы ашық, жаны жомарт азаматтың бастамасына Есіл ауданындағы кәсіпкерлер Қайрат Халықов пен Керімбай Ебжанов, “Кантемир-Агро” ЖШС-нің басшысы Болат Әбілмәжінов та қолдау көрсетіпті. Осындай құптарлық іске мен де атсалысуды жөн санап, “Ыбыраев” шаруа қожалығында еңбек етіп жүрген барлық қызметкерлерге “Солтүстік Қазақстан” газетін өз қаражатыма жаздырып беруді ұйғардым.

Газетіміздің мәртебесін асырып, оның әр қазақтың төрінен табылуына басқа да кәсіпкерлердің қолғабыс ететініне сенемін.

Халықтың көзі, құлағы һәм тілі болып отырған “Солтүстік Қазақстан” газетін әр шаңыраққа жеткізуге баршамыз атсалысайық!

Талғат ТЕМЕНОВ,

“Ыбыраев” шаруа

қожалығының басшысы.

Шал ақын ауданы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp