«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СЫРҚАТ БАЛАҒА КӨМЕК БЕРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жыл басынан бері облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов өтініш, тілектерін айта келген 200-ден астам адамды қабылдады.

Қабылдауға келгендер қылмыстық істерді тергеу, жұмыссыздық және басқа да мәселелерге қатысты өтініштерін айтқан. Өтініштер блог-платформа және электронды пошта арқылы да қабылданады. Олардың арасында туыстарын іздеп, өзге өңірлерден келген азаматтар да бар. Мәселен, атасы жайлы ақпарат іздеген Астана қаласының 66 жастағы тұрғынына департамент мұрағатының қызметкерлері көмектесті. Жыл басынан бері ведомствоның ақпараттық-сараптамалық орталығына 25 азамат жүгініп, бұрын әскери тұтқын болған туысқандары жайлы ақпаратқа қол жеткізген. Үш бала тәрбиелеп отырған Жұлдыз Қуандыққызының ауыр сырқатқа шалдыққан баласына ресейлік ауруханада мол қаржыны талап ететін шұғыл ота жасау қажет болды. Департамент бастығынан көмек сұраған оған әріптестері үнсіз қалмай, қол ұшын берді.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің

 

аға инспекторы.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp