«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАХМАТШЫЛАР САЙЫСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда шахматтан облыс чемпионаты өтті. Үш күнге созылған бәсекеде қалалықтармен бірге Қызылжар, Мамлют, Уәлиханов және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардан 50 шахматшы бақ сынады.

Сайыстың нәтижесінде ерлер арасында Салтанат Мұқанов жеңімпаз атанды. Ал Олег Убыкин – екінші, Александр Михин үшінші орындардан көрінді. Бұлардың үшеуі де – облыс орталығының тұрғындары.

Әйелдер арасында өткен додада Тайынша ауданының шахматшыларының мерейі үстем болды. Бірінші орынды Салтанат Ищанова иеленсе, Арина Грипп қанжығасына күмісті байлады. Ал жүлдегерлер қатарын Айнұр Зарлық тұйықтады. Қыздар арасында өткен турнирде Арина Грипп жеңімпаз атанса, екінші және үшінші орындарды Айнұр Зарлық пен Дарья Карасаева өзара бөлісті.

Жасөспірімдер арасындағы бәсекеде тағы да петропавлдықтар көш бастады. Владимир Пашков облыс чемпионы атанса, Федор Сорокин күміс, Алмаз Мұқанов қола жүлдені жеңіп алды.

Анна ПЕНЬКОВА,

облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының

баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp