23 қараша күні Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында еліміздің өндірістік кәсіпорындарының “Қазақстандық өнім жасаймыз” атты форумы өтеді. Оған біздің өңірімізден “ТРИБО” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатысады.
Форумда еліміздің тау-кен металлургиялық кәсіпорындарын қолдауға арналған жүйелі шаралар, олардың тауарлары мен қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін көтеру, қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау, өңірлердегі шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері талқыланатын болады. Қалыптасқан дәстүрге сай іс-шара аясында қазақстандық өнімді шығаратын кәсіпорындардың көрмесі өтеді. Кәсіпкерлер серіктестермен тікелей кездесуге, келіссөздер өткізуге, өз өнімдерін таныстырып, тұтынушыларын табуға мүмкіндік алады.
Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,
“Солтүстік Қазақстан”.