«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АСТАРЛЫ ӘЗІЛ АЛАҢЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Жастар сарайында Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы үшін халықаралық көңілділер мен тапқырлар клубының фестивалі өтті. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ұйымдастырған шарада 11 команда сайысқа түсті. Оларға облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет сәттілік тіледі.

Осымен 11-ші рет ұйымдастырылған фестивальда бақ сынауға Астана, Көкшетау, Мәскеу, Владивосток, Омбы, Қорған, Пермь және Екатеринбург қалаларының жастары келді. Ойынды осыған дейін өткен іріктеу кезеңінде үшінші орыннан көрінген жерлестеріміз – айыртаулықтар бастады. Олардың әзілдері әдеттегідей өтімді, күлкілі болып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Осылайша, сахнаға бірінен соң бірі шыққан құрамалардың ойыны көрермендердің көңілін көтерді. Ең бастысы, әзілдері астарлы болып, қоғамда орын алып жатқан түрлі жайттар, өмірдегі небір қызықтар кеңінен қозғалды.

Қазылар алқасының шешімімен бұл кеште әзілі жарасқан Ақмола облысының жастарынан құралған команда фестивальдың жеңімпазы атанса,“Сборная России” командасы қанжығаларын күміспен майлады, қола жүлдені Айыртау ауданының “Седина в бороду” құрамасы иеленді. Ал бас жүлде мен облыс әкімінің кубогы Омбы қаласынан келген “Радость” командасының мүшелеріне табысталды.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp