Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық драма театрының актері Борис Васко кастинг нәтижесі бойынша көркем фильмге түсетін болды.
Ол «Көшбасшы жолы» фильмінде белгілі фототілші, Елбасының жеке фотосуретшісі болған Иосиф Будневичтің рөлін сомдайды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Сатайфильм» кинокомпаниясы түсіре бастаған бұл картина Қазақстан Президентінің өмір жолы мен қызметі туралы киноциклдың алтыншы фильмі. Режиссер Ақан Сатаевтың бұл туындысында 1994-1998 жылдардағы ел астанасының Алматыдан Ақмолаға ауыстырылуына қатысты оқиғалар қамтылмақшы.