Алдағы көктемде елді мекендерді су басып қалудан қорғау мақсатында өңір аумағындағы көлдердің деңгейі әуеден барлануда.
Мамандар тікұшақ көмегімен Аққайын, Есіл және Шал ақын аудандарындағы қауіпті аймақтарды қарап шықты. Зерттеу нәтижесі бойынша Кіші Торанғұл көлінен Үлкен Торанғұл көліне су ағызу қажет деп шешілді. Ол үшін Шал ақын және Есіл аудандары аумағындағы су жүргізілетін канал қалпына келтіріліп, басқа да шаралар жүзеге асырылмақшы.