«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БӘСІ ЖОҒАРЫ ЖАРЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында спорттық-балдық биден Еуразияның ашық кубогы өтіп, облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет қатысушыларға сәттілік тіледі.

Салтанатты шара барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет республикалық, халықаралық сайыстарда топ жарып, тұғырдан көрінген жерлестеріміздің жеңісін тілге тиек етті. Спорттық биден спорт шебері атағы бес солтүстікқазақстандыққа берілгенін, тағы 17 адам спорт шеберіне үміткер екенін мақтанышпен жеткізді. Аталмыш додаға 4-30 жас аралығындағы Қазақстан, Ресей Федерациясы, Украина, Грузия, Әзірбайжан, Албания, Беларусь елдерінен 600-ге жуық биші қатысты. Спорттық-балдық би сайысы жоғары деңгейде өтті. Халықаралық стандарттарға сай жабдықталған би алаңында өнерпаздар көпшілікті таңдай қақтырды.

Шарада квикстеп, танго сияқты бірнеше би түрлерін көрермен назарына ұсынып, көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленген мәскеулік Геннадий Гойхман мен Анна Мыслицкаяның өнерін ерекше атап өткен жөн. Ал осынау жарыста төрешілер тарапынан бишілерге қойылатын талап та ерекше болды. Борис Станков, Диана Гайсина және Ғани Жаукин, Екатерина Жидковец сынды өнерпаздарымыз мың бұралған биімен баршасын таңғалдырып, жеңіс тұғырынан көрінді. Сайыскерлердің әсем әуен ырғағымен үндескен билерін Қазақстан, Ресей, Грузия, Украина елдерінің жоғары санатты төрешілері бағалады.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp