«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛЫНЫҢ ПАЙДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үйлерінде орталықтан берілетін жылу қуатына есептеу құралдарын орнатқан петропавлдықтар қазан айында тұтынған жылу төлемінің бұрынғыдан азая түскенін байқап отыр. “СевКазЭнерго” акционерлік қоғамының мамандары көршілес тұрған бірдей көппәтерлі үйлердің жылу энергиясын тұтыну көлемін салыстыра отырып, ортақ есептеу құралдары бар баспана тұрғындары көп үнемділікке қол жеткізгендерін дәлелдеді.

Осындай есептеу құралдары бар тұрғындар үшін қазан айындағы орташа тариф әр шаршы метрге 37,32 теңгеден есептелініп отыр. Ал орнатпағандар 122,34 теңгеден төлеуге тиіс. Ортақ жылу есептеу құралының тағы бір артықшылығы – тұрғындар тұтынған жылу үшін ғана төлем жасайды. Мәселен, Мир көшесіндегі 107-ші және 109-шы үйлердің тұрғындары үшін жылу тарифі ортақ есептегіштің арқасында 15,36 теңгеден және әр шаршы метр үшін 36,37 теңгеден белгіленді. Ал осы үйлердің жанында орналасқан Интернационал көшесіндегі 38-ші және 40-шы үйлер жоғарыда атағандай, әр шаршы метрі үшін 122,34 теңге төлейді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Ақша үнемдегенді қалайтындар үшін облыс орталығында төрт жылға бөліп төлеуге мүмкіндік беретін ортақ жылу энергиясын есептеу құралдарын орнатудың мемлекеттік бағдарламасы жалғасуда.

Зәуреш АСЫЛБЕКОВА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp