«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЗАДАН ЖЕҢІЛ ҚҰТЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл облыс орталығында екі күн қатарынан жастар арасында жанжал орын алған еді. Естеріңізде болса, бірінші күні зардап шегуші Ербол Хамитовқа травматикалық тапаншадан оқ атылса, екінші күні шолақ мылтықтан атылған оқ салдарынан 19 жастағы спортшы бір аяғынан айырылған еді. Бұрнағы күні бірінші күнгі оқиға бойынша айыпталушылар – Темірлан Бектас пен Қайрат Аушахмановқа қатысты үкім шығарылды.

Петропавл қалалық сотының үкімімен қос айыпталушы да кінәлі деп танылды. Алайда, Қайрат Аушахманов зардап шегуші тараппен татуласып, оған келтірген зардапты өтегендіктен, сот залынан бірден босатылды. Ал Темірлан Бектас төрт жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды, яғни осы уақыт бойы пробациялық қызметтің бақылауында болады. Сонымен қатар ол жергілікті атқарушы органдар белгілеген орындарда жылына 240 сағатқа дейін мәжбүрлі еңбек етуге, зардап шегуші Ербол Хамитовқа 500 000 теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді.

Зардап шегуші Ербол Хамитовтың анасы Ғалия Алпысбаева Қайрат Аушахмановтың ата-анасы айыптарын біліп, кешірім сұрағандықтан, оған кінә артпай отырғанын жасырмады. Ал болған оқиғадан кейін ата-анасы кешірім сұрамақ түгіл, төбе көрсетпеген Темірлан Бектасқа қатысты шығарылған үкіммен келіспей отыр. Оның ойынша, жастар арасындағы жанжалдың басталуына Темірлан Бектас кінәлі.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp