АЛДЫМЕН СҮЙ, АРДАҚТА АТА-АНАҢДЫ
Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында драматург Александр Галиннің “Жених поневоле” комедиясының премьерасы өтіп, шығармашылық ұжым көрермендерге өмірлік мәні терең ерекше қойылым ұсынды.
Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында драматург Александр Галиннің “Жених поневоле” комедиясының премьерасы өтіп, шығармашылық ұжым көрермендерге өмірлік мәні терең ерекше қойылым ұсынды.
Сот шешімдерінің мүлтіксіз орындалуы елімізде заңдылықтың қатаң сақталатындығын көрсетеді. Ал сот орындаушылары күнделікті қызметінде көптеген қиындықтарға тап болып жатады. Кей жағдайда соттың шығарған шешімдерін сот орындаушысы заңнамада көрсетілген мерзімде орындай алмайды. Бүгінгі күні сот шешімдерінің орындалмауы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жаңа Жолдауында мемлекетіміздің дамуының аса өзекті мәселелеріне қатысты толықтай жауап берген деп ойлаймын. Орын алуы ықтимал барлық сын-қатерлер мен қауіптерді ескере отырып, Президент Қазақстан халқын болашақтағы әлемдік құрылымның іргелі түрде өзгеруіне жан-жақты дайын болуға шақырады. Бұл стратегиялық құжатта Төртінші өнеркәсіптік революцияның мүлде жаңа жағдайында Қазақстанды жаңғыртудың нақты бағдарламасының ұсынылуы …
Бүгінде Жер шарында 360 миллионнан астам адам есту қабілетінен айырылған. Олардың оннан бір бөлігі – балалар. Дамыту, түзету жұмысын дер кезінде бастау үшін бала өмірінің алғашқы күндерінен естуіне зер салу керек, қажетті көмек неғұрлым ерте басталса, олар дені сау қатарластарынан артта қалмайды.
Бала күнімнен адамдарға көмектесіп, дәрігер болуды армандайтын едім. Болашақта осы салада жұмыс істеу үшін биология, химия пәндерін қызығушылықпен оқыдым. Мектеп бітірген соң, еш ойланбастан өзімнің таңдауымды жасадым. Көкшетау медициналық колледжіне оқуға түсіп, кейін өзімнің туған жеріме келдім. Жас маман ретінде еліме өз үлесімді қосуды мақсат еттім.
Осы уақытқа дейін туберкулездің ауыр түрлеріне шалдыққан науқастар айлап, тіпті, жылдар бойы ем қабылдаса, енді “Бедаквилин”, “Деламанид”, “Линезолид”, “Клофазимин” сияқты жаңа препараттарды қолданудың нәтижесінде емдеу курсын қысқа мерзімде аяқтауға мүмкіндік туды. Мәселен, екі жыл үзбей ем қабылдайтын науқастар үшін емдеу мерзімі бір жылға қысқарады. Ал туберкулездің асқынған түріне шалдыққан науқастар үш жыл емес, екі жылдың …
Халықаралық диабет федерациясының мәліметінше, әлемде 2016 жылы қант диабетімен ауыратындардың саны 415 миллион болған. Ал 2040 жылға қарай олардың саны 642 миллионға жетеді деп болжануда. Бұл – ресми көрсеткіштер. Ал осы тізімге ілінбегендер саны қаншама?!
Солтүстікқазақстандық велоспортшы, “Астана” велоклубының өкілі Алексей Луценко “Оман туры” көпкүндігін табысты аяқтады.
Петропавлдағы аулалардың бірінен адам денесінің бөлшектері табылды.
Қызылжар ауданының Знаменское ауылы маңындағы жолда “BMW” және “Toyota” маркалы автокөліктер соқтығысып, салдарынан 24 жастағы петропавлдық көз жұмды. Ал екінші көліктің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық әділет департаментінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында роботтардың “Сумо” сайысы өтті.
Астана қаласының Ұлттық академиялық кітапханасында бір ай бұрын бастау алған республикалық “Жастар экстремизм мен радикализмге қарсы” атты эсселер байқауының қорытындысы жарияланды. 18-35 жас аралығындағылар үшін ұйымдастырылған байқауда жерлесіміз, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ержан Мәкен бірінші орын алып, Еуразиялық жас көшбасшылар конгресінің алғашқы отырысына еліміздің атынан қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Мемлекеттің басты капиталы – адам. Әр отбасы, әр адам қоғамның бір бөлшегі екені ақиқат. Ал қоғамды құрайтын сіз бен біздің тағдыр тауқыметіміз әртүрлі. Ұрпақ тәрбиесінің тірегі отбасы болса, ажырасу белең алған бүгінгі заманда жалғызбасты аналардың саны еселеп артуы өкінішті. Дегенмен, біреудің тағдырын талқыға салудан аулақпыз. Бірақ Гүлнәз Жансарина (аты-жөні өзгертілді) сияқты жалғызбасты аналар ақтарыла сыр …
Ертеңгі күні мектеп қабырғасын тамамдағалы отырған әрбір түлек болашақта қиналмай орын табуы үшін мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдағаны жөн. Алдағы күнге жолдама алар шәкірттерге оң бағыт-бағдар беру, әрине, алдымен ата-ана мен ұстаздардың міндеті. Дегенмен де, ертеңгі талапкерлер үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі болудың қадір-қасиеті туралы айтып өту артықтық етпейді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы негізінде балаларды есепке алу және оқумен толық қамтамасыз ету мақсатында облыста “Қамқорлық” қайырымдылық акциясы өткізілді.
Сайын дала Сарыарқа – ұлыларды дүниеге әкелген қасиетті жер. Қазақ әнінің туы тігілген өңірде Орынбай, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Сегіз сері, Нияз сері сынды дарабоз дарындар дүниеге келіп, қалың қазақ жұртын ән мен жырға бөледі. Қызылжар топырағында аққуға үнін қосқан “замана бұлбұлдарының” арасында сал-серілер дәстүрін жалғастырып, асқақ әнді жанына серік еткен ақын, әнші Игібай Әлібаевтың …
Биыл кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл толды. Ауған соғысына Кеңес Одағының әр қиырынан жіберілген сарбаздардың бірнеше легі өздерінің интернационалдық борышын өтеп, он жыл бойы оқ пен оттың ортасында жүрді.
Астанада бір немересінің үйінде қазақы дәстүрмен арақ-шарапсыз өткен салтанатты шараға Тимирязев ауданындағы Сулы станциясынан тоқсанға келген кейуананың арнайы ат сабылтып барғанын естігенде, “Пойызға мінген шығар, оңайырақ қой”, – деп ойлаған едік. Олай емес, әзіз әже “қубас домалайтын” тойға автокөлікке отырып барған болып шықты…
Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарында қағазбастылықтан арылтатын “Анықтамасыз қызмет” сервисі іске қосылды. Бұл туралы “Азаматтарға арналған үкіметтің” төрағасы Абылайхан Оспанов мәлімдеді. Енді тұрғындар мемлекеттік органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және жылжымайтын мүліктің болуы-болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзінде апаруға міндетті емес.
Мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларының тиімділігін талқылап, тұрғындар мен билік арасындағы байланысты нығайту мақсатында құрылған мониторинг тобының кезекті отырысы өтіп, үш мәселе қаралды.