«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 22.02.2018

ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ, ӨНІМІ САПАЛЫ

Өңірімізде ас атасы – нанды бірнеше кәсіпорын пісіреді. Алайда, солардың ең ірісі – бір ғасырлық тарихы бар “Петропавл нан-тоқаш комбинаты” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жақында осы компанияның директоры Ерлан Қайшыбековпен жолығып, әңгімелесіп қайттық.

ҮЗДІК ИДЕЯЛАР ЖОБАСЫ

“Болашақ” қауымдастығы істерін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге арналған республикалық стартап-жобалар байқауын жариялаған болатын. Бұрнағы күні М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде “Startup Bolashak: Менің арманым” республикалық байқауы облыстық кезеңінің салтанатты түрде ашылуы өтті.

“ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ” — КИЕЛІ МЕКЕН ТАРИХЫ

“Тәуелсіздік дәуірі” кітабының авторы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі Қазақстанның тәуелсіздік алуы және егемен елдің қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. “Бұл кітап менің ұлы қолдаушым, кемел келешегіне өзінің қазақстандық жолымен қарыштаған жасампаз халқыма арналады!” – деп жазды Президент кітаптың эпиграфына. Елбасы өз еңбегінде Қазақстанның 26 жылдық тәуелсіз даму жолында қандай қиын-қыстау кезеңдерден өткені, халқымыздың қуатты мемлекет құрып, жайлы …

“ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ” — КИЕЛІ МЕКЕН ТАРИХЫ Read More »

ГЕНЕРАЛМЕН КЕЗДЕСТІ

Биыл Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі үшін “Бақытты балалық шақты қорғау” жылы болып жарияланған болатын. Осыған орай бүкілқазақстандық киокушинкай каратэ ұйымы өңірлік филиалының жас спортшылары облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләловпен кездесіп, өздерінің жетістіктерімен және алға қойған жоспарларымен бөлісті.

МЕКТЕПТЕГІ ӘДЕБИ-ЖЫР КЕШІ

Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық, ұжымдық тәрбие жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады.

БАС ҚАЛАНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ — БАРША ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АБЫРОЙЫ

Уақыт деген ұғымның қадірін Астанада көбірек ұғынасыз. Ел астанасының Алатаудың төрінен Сарыарқаның төсіне көшірілгені кеше сияқты еді… Енді, міне, тәуелсіздігіміздің тірегі, Отанымыздың жүрегі – Астананың қазақтың кіндік қаласы болғанына да жиырма жылға жуықтапты. Биыл күллі Қазақстан елорданың жиырма жылдығын бар сән-салтанатымен атап өтпек. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, Астананың 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасы бекітілді.

ҮЛКЕН ҚАДАМ ЖАСАЛДЫ

Ең алдымен не себепті латын қарпіне көшіп жатқанымызды есімізге алайық. “Нағыз тәуелсіздік – тілдің тәуелсіздігі. Бұл – ең бастысы. Әлемнің 70 пайызы осы әліпбимен жұмыс істейді. Бұл ғылым мен технологияның, интернеттің тілі. Екіншіден, бұл қазақ тіліне пайдалы. Кириллицада қазақ тіліне қажетсіз әріптер бар. Үшіншіден, әлемнің дамыған елдерінің қатарына енуіміз керек, олармен тереземіз тең болуы қажет. …

ҮЛКЕН ҚАДАМ ЖАСАЛДЫ Read More »

ОРЫНДЫ ӘРІ АЙҚЫН

Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Осынау тілдің аясын кеңейтіп, оны баянды ету мақсатында Президенттің қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы Жарлығы дер кезінде қолға алынған іс деп ойлаймын. Бұған дейін латын графикасы көпшіліктің талқысына түсіп, біраз сын-пікірлер айтылған болатын. Қазақстандықтардың өтініш-тілегі ескеріліп, болашақ ұрпағымыз үшін Елбасымыз нақты шешім қабылдады. Бекітілген …

ОРЫНДЫ ӘРІ АЙҚЫН Read More »

АНАҒҰРЛЫМ ТИІМДІ НҰСҚА

“Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы” Жарлыққа өзгерістің енгізілуі күтілген жағдай болды. Өйткені, латын графикасында апострофтар мен диаграфтар қолданудың қиыншылықтары туралы талай айтылған болатын. Апострофты қолданғанда, таңбалардың арасы ашылып кетіп, соның салдарынан компьютерде теру, ғаламторда мәтіндерді іздеу қиындайтын еді. Сондықтан осыған дейін ұсынылған нұсқалардан гөрі бұл әліпби анағұрлым оңай әрі тиімді көрінеді.

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жергілікті полиция қызметінің басты міндеті қоғам тыныштығын күзету, жол қауіпсіздігін сақтау, қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады. Алкоголизм, есірткімен күрес, жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу мен тағы басқа мәселелер бойынша жергілікті полиция қызметкерлері кешенді жұмыс жүргізуде. Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік аумақтарында тоқсан сайын тұрғындармен кездесу өткізіп, ахуалды жіті бақылауда ұстайтыны туралы айтқан облыстық ішкі …

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ Read More »

ҰРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҢЫЗДЫ

Өңірімізде тіркелген барлық қылмыстардың 60 пайызы ұрлыққарлыққа қатысты. Облыстық ішкі істер департаментінде жұмыс кеңесі өтіп, онда тәртіп сақшылары мен жергілікті атқарушы биліктің өкілдері пәтер тонайтындар мен мал ұрлаушыларға қарсы іс-шаралар жайлы сөз қозғады. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев пен Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Евгений Глотов қатысты.

АГРАРЛЫҚ САЛАДА ТҮЙТКІЛДІ МӘСЕЛЕЛЕР АЗ ЕМЕС

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің үлкен залында өңіріміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмысының өткен жылғы қорытындысы мен 2018 жылға арналған даму перспективаларын талқылаған кеңейтілген алқа отырысы өтті.