Жолдауда айтылғандай Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесі барлық білім ордалары үшін бірыңғай стандарт болуы салаға тың серпіліс бермек.
Келешекте ұстаздар шәкірттерді белгілі бір мамандықтарға бейімдеп оқытатын болады. “Педагог мәртебесі туралы” Заңның қабылданатыны мен сияқты мыңдаған ұстазға қуаныш сыйлады. Ұстаздарды материалдық жағынан қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Мәселен, өзім қызмет ететін №23 орта мектепте жаңартылған бағдарламаға көшуге орай 68 мұғалімнің еңбекақысы 30 пайызға өсті. Жаңа бағдарлама бойынша сабақ бергеніміз үшін жалақымызға қосымша үстемеақы қосылды. Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесі бойынша қараша айында өтетін біліктілікті арттыру тестіне қатысып, еңбекақымды қырық пайызға дейін өсіруді жоспарлап отырмын.
Азамат ЕСІЛБАЕВ,
№23 орта мектеп директорының орынбасары.