«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУҒА ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше Петропавлда даңқты ордабасы, ұлы жырау Кожаберген Толыбайұлына ескерткіш ашылды.

12 метрлік зәулім ескерткіш Жамбыл көшесіне кіре берістегі айналма жолда биік тұғырда орналасқан. Белгілі скульптор Қазыбек Сатыбалдин жырауды бір қолына домбыра, екінші қолына түтікше түрінде оралған қағаз ұстаған қалпында бейнелепті. «Елім-ай» әні әр қазақтың жүрегінде болғанымен, өкінішке қарай,  талай ұрпақ оның авторының есімін білмей өсті. Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз сөйлегендер Қожаберген Толыбайұлының туған жері мен елінің азаттығы жолындағы ерлік істері мен сан-салалы мемлекеттік қызметін тілге тиек етті. Биыл жыраудың туғанына 355 жыл толып отыр. Осыған орай кеше Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Қожаберген жырау – Тәуелсіздіктің, Қазақ мемлекттілігінің және халық бірлігінің символы» тақырыбында республикалық ғылыми конференция өтті.  

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp