Солтүстікқазақстандық тәртіп сақшылары металл сынықтарын қабылдау пункттері мен көліктерге техникалық қызмет көрсету станцияларын тексеріп жатыр.
Шараның басты мақсаты – ұрлықтың алдын алу және бұрын жасалған қылмыстарды ашу. Рейд барысында көліктерді жөндеуге қажет бөлшектерді қабылдау тәртібі қадағаланып, пункттердің иелеріне қылмыстық жолмен келген заттарды қабылдауға қатысты жауапкершілік туралы ескертілуде. Осылайша Петропавлда екі күнде 100-ден астам нысан тексерілді.