Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы мемлекеттік орман-техникалық университеті ғимаратының қабырғасына Əлихан Бөкейхановқа естелік тақта орнатылады.
Бұрын Императорлық орман институты аталған бұл оқу орнында Әлихан Бөкейханов 1890-1894 жылдары оқыған болатын. Ғылыми кеңестің шешімімен Санкт-Петербург мемлекеттік орман-техникалық университеті өзінің даңқты түлегін осылайша есте қалдырмақшы. Тақтаны жасатып, орнатуды «Ақ жол» партиясы өз жауапкершілігіне алып отыр екен. Енді «Ақ жол» партиясының Мәжілістегі фракциясы Мәскеудегі Қазақстан елшілігіне хат жолдап, Алихан Бөкейхановтың Мәскеу, Самара қалаларында тұрған үйлеріне де ескерткіш тақта орнату туралы мәселе көтерген.